Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 114    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар   
23 Ақпан, 2010 10:57 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Боз кілемде самбошылар


Самбо күресінен Қазақ елінің алғашқы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевты еске алуға арналып, самбо күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионаты оздырылды. Біріншілікке облыс аудандарынан, Атырау мен Маңғыстау облыстарының өкілдері де арнайы келген.

Боз кілемде белдескен балуандар жайында келесі бейнематериал.

Елімізде самбо спорты осыдан 70 жыл бұрын пайда болып, біртіндеп дамып келеді. Бір ғана өңірімізде спорттың осы бір түрінің тіптен атақ алып кеткенін көпшілікке түсіндіріп жатудың да қажеті де жоқ сыңайлы. Самбо десе, еске еріксіз оралатын спортшыларымыз баршылық. Солардың ішінен Ақ Жайық өңірінен түлеп ұшып, самбо күресінен ел абыройын аспандатқан алғашқы чемпион -Асқар Шайхиевтің есімі ерекше естіледі. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған бүгінгі біріншілікке еліміздің бірқатар облыстарынан беделді балуандарымыз көптеп жиналды. Мақсат - мықтылықты сарапқа салып, сол арқылы атақты балуанды еске алу.
((әйелі..мен Асқарға 18 жасымда тұрмысқа шықтым, мен өте бақытты жанмын,екі ұлым, бір қызым бар....рахмет барлығы бүгін келіп жатыр....))
Күрес десе делебесі қозып, ішкен асын жерге қояр халық бұл жолы да жүзден жүйрік шыққандардың өнерін тамашалауға көптеп жиналды. Олардың басым бөлігін осыдан 10 жыл бұрын опасыздардың қолынан қаза тапқан спортшының ағайын-туыстары мен дос-жарандары құрады. Өңірімізді былай қойғанның өзінде, өзге облыстардан да ат артып келген қонақтар да болды. Көпшілігі марқұмның құрметіне жасалып жатқан игі істі ұйымдастырушыларға алғысын білдірісті.
((.....досы......мен бүгінгі жарысқа Қарағандыдан келіп отырмын. Өзімнің досым, әрі спорт өнеріндегі әріптесім болған Асқар үшін ұйымдастырылған бұндай додаға барлығымыз да бір қуанып қалдық. Жалпы Асқар Шайхиевтің өзі туралы айтар болсам, ол ақылды, сабырлы, өте жігерлі жан еді. Оны біздің елімізде ғана емес, алыс-жақын шет аймақтың шымыр балуандары бірден мойындап, әрдайым бас иіп жүретін. ...))
Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде самбо спортын жанына серік еткен жалынды жастарымыз көбейіп келеді. Бұл бүгінгі жарысты ұйымдастырушылардың пікірі. Олардың ойынша, қазақша күреске қыр-сыры жақын самбоның болашағы да жоқ емес.
((жарыстың бас жаттықтырушысы..жастарымыз көп қой, қазір самбоға бет бұрған....Мәселен жуықта болған додада мықты нәтижеге қол жеткізген балуандарымыз бар...т.с.с....))
"Ер есімі, ел есінде" деп, мемлекетіміз үшін маңызды жүлдені батыс жерінен бірінші болып алған әлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өйткені жалынды жастарымызды жігерлендіріп, самбо күресінің саңлақтарын тәрбиелеп шығаруда аталған бастамалар шынымен-ақ қажет екені даусыз. Кім білсін, бәлкім олардың арасында келеште Асқар Шайхиев сынды атақты балуандарымыздың боз кілемдегі ерлігін қайталап, дүниежүзінің чемпионы атанып, алтыннан алқа тағынатындары да бар шығар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.2739 & 14 Сұрау Серверді жегу: 4.33