|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қарлы жорық"Біз сенің ерлігіңді ұмытпаймыз, жауынгер" деп аталған шараға соғысы ардагерлері мен жас сарбаздар да қатысты. Бұл бастаманы ұйымдастыруға қалалық әкімдік пен жастар қоғамдық бірлестігі мұрындық болыпты. Келесі сюжетте толығырақ. Шараның мақсаты - Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ерлігін паш ету, аға буынның өнегесін жастарға үлгі етіп, салауатты өмір салтын насихаттау болып отыр. Ұлы жеңіске арналған шаңғышылар жорығын қала Әкімінің орынбасары Талғат Нығметов салтанатты түрде ашып, шаһар басшысы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды ардагерлерге табыс етті. Мәңгілік алау басында соғыс ардагерлеріне Георгий Лентасы салтанатты түрде табыс етілді. Үнсіз өткен азалы минутта жиылғандар қыршын кеткен боздақтарды еске алды. Шаңғышы-жорықшылар майдангерлердің сөзін зейінмен тыңдады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев жастарға сенім білдірген ардагерлердің Үндеуін көпкүндік жорық жетекшісі Манарбек Ажкеновке табыс етті. Бұдан кейін Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, жастар соғыс құрбандарына тағзым етті. Енді екі айдан кейін еліміз 9-мамыр - Ұлы Жеңіс күнін тойламақ. Бейбіт күннің мерекесіне айналған ұлы қуаныш күнінде қарт жауынгерлерге құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Ал шаңғышылар жорығы үш күнге созылады. Шаңғышылар осы сапарында Ақжайық, Тасқала, Зеленов аудандарын аралайды. Аудандарда тұратын соғыс ардагерлеріне қала басшылығының алғыс хаттары мен сыйлықтарын тапсырады. Сондай-ақ, қарт жауынгерлердің естеліктерін тыңдап, түрлі кездесу кештерін өткізу жоспарланып отыр. Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||