Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 355    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.50 Қайдан 2 Дауыстар   
1 Наурыз, 2010 09:57 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

1 наурыз


Бүгін көктемнің алғашқы күні. Бүгін криминалистика қызметінің туған күні деп есептеледі. Бүгін халықаралық түрлі-түсті әйелдер күні. Сондай-ақ, бүгін Бүкіләлемдік ұйқы күні деп жарияланды. 1555 жылы француз астрологы Мишель Нострадамус өзінің болжал-жорамал кітабын шығарды.

Бүгін көктемнің алғашқы күні. Бүгін криминалистика қызметінің туған күні деп есептеледі. Бүгін Халықаралық түрлі түсті әйелдер күні. Сондай-ақ бүгін Бүкіләлемдік ұйқы күні деп жарияланды. 1555 жылы француз астрологы Мишель Нострадамус өзінің болжал-жорамал кітабын шығарды.

Бүгін көктемнің алғашқы күні. Біз үшін көктем махаббат пен бақыт мерекесі іспеттес. Көктемнің алғашқы күнін тойлауды халық бұрыннан әдетке айналдырған. Бұрынғы ирандықтар көктем түсісімен Ноуруз мерекесін тойлаған. Ал көне Римдіктер де жыл басы осы наурыз айынан басталған. Көктемнің алғашқы күндерін олар, сондай-ақ табиғаттың оянуы деп түсініп, топ болып тауға немесе достарына қыдырған. Тіпті шарап ішіп, жарысқан, кім тез тауысса оларға түрлі сыйлықтар таратылған. Сібір халқы үшін көктемді бүркіттер әкелген. Якуттар көктемде табиғат бүркіт патшаның күшімен оянады деп сенген. Бүркіт ұшып келген соң, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталған. Ал көне мексикалықтарға көктемді алғашқы көбелектер әкелген. Наурыз айында күн мен түн теңеседі, сондықтан көптеген халық жаңа жылды осы айда бастаған.

1 наурыз криминалистика қызметінің туған күні деп есептеледі. Өйткені 1919 жылы РСФСР іздеу орталығында Сот сараптама Кабинеті жұмысын бастады. Бұл мерекені халықаралық мереке деуге әбден болады, оны бұрынғы одақ республикаларының бәрі тойлайды.

Қазақстан милициясы қызметінің қалыптасуы 1920 жылы 26 тамызда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуымен байланысты. Республика құрылған соң НКВД құрылып, оның ішінен Милиция бас басқармасы дүниеге келді. Бас басқарманың ішінен орталық қылмыстық іздеу орталығы құрылды.

Криминалистік бөлім құрылған 88 жылда қылмысты ашу, іздеу мақсатында ұлан-асыр жұмыстар бітірді. Оның негізгі міндеті - қылмысты ашу ғана емес, қылмыстық заттай айғақтарды тәркілеу, тексеру болып табылады.

Бүгінде аталмыш қызметтің мамандары әдеттегі және ең ауыр 32 криминалистік зерттеуді орындайды. 20-дан аса түрлі криминалистік тіркеулер, картотека, коллекциялар жүргізеді. Олардың қызметінде жаңа заманға сай компьютерлер, электронды-оптикалық, ультра дыбысты құрылғылар, түрлі іздеу техникалары қолданылады. ҚР ІІМ жедел криминалистика департаментінде орталықтандырылған дактилоскопиялық және баллистикалық ақпараттық іздеу жүйелері бар. Олардың көмегімен тәулік бойы әр аймақтан түскен нысандарды тексеру жүзеге асырылады. Бүгінде Алматы қаласының ІІД ДНК зертханасы жұмыс істейді. Қазір дәл осындай зертхананы Астанада ашу жоспарға қойылған.


Бүгін Халықаралық түрлі түсті әйелдер күні. 1981 жылы түрлі түсті әйелдердің Ұлттық институты құрылды. Оның мақсаты – Африка, Индия, Аляска, Азия, Испания, Латын Америкасы және Тынық мұхиты аралдарын мекендейтін әйелдердің достастығын құрып, олардың құқығын қорғап, орын алған мәселелерін шешу болып табылады. 1986 жылдан бастап Огайо штатының университетінің басшысы Пат Уиллиамстың бастамасымен бұл күн тарихта алғаш рет түрлі түсті әйелдер күні деп аталды.

Психикалық денсаулық бүкіләлемдік қорының бастамасымен 1 наурыз Бүкіләлемдік ұйқы күні деп жарияланды. Жер шары тұрғындарының көп бөлігі тек демалыс күндері ғана ұйқыларын қандыра алады. Егер сіз өзіңізді жақсы сезініп, құлпырып жүргіңіз келсе, ұйқыға көп уақыт бөлген дұрыс. Бірақ жұрттың көбінің оған уақыты жоқ. Статистика мәліметтері бойынша, өнеркәсіпті аймақтардың тұрғындарының 10 пайызы ұйқысыздыққа ұшырайды екен.
Сіз тұратын қала тұрғындарының ұйқысы қанық па?

1564 жылы алғашқы Мәскеу мемлекеттік «Печатный двор» баспаханасында «Апостол» атты алғашқы даталанған орыс баспа кітабы жарық көрді. Кітапты Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

1954 жылы АҚШ Бикини атолласында 15 мегатонналық сутегі бомбасын сынады. Радиоактивті шөгінділердің құрбандығына жапондық балықшылар ілікті. Атоллада термоядролық қаруларды сынауға наразылық білдіріп белгілі ағылшын математигі және философ Бертран Рассел сөз сөйледі.

1928 жылы АҚШ-та доктор Герберт Эванс F деп аталатын алтыншы витаминді ойлап тапты.

1995 жылы өз үйінің алдында Ресей қоғамдық телевидениесінің президенті, тәуелсіз «ВиД» компаниясының президенті, «Час Пик» бағдарламасының жүргізушісі Владислав Николаевич Листьев кісі қолынан қаза тапты.

1555 жылы француз астрологы Мишель Нострадамус өзінің болжал-жорамал кітабын шығарды. Ғалымның өмірі жайлы мағлұматтар бірнеше ғасырлардан бері адамзат баласын бей-жай қалдырған емес. Дәрігер оба ауруының дәрісін ойлап тапты, әрі астролог, алхимик. Кітап жарыққа шыққан соң, 4 жылдан кейін оның алғашқы болжамы орындалды.

1937 жылы сазгер, Молдованың халық әртісі, «Лучафэрул» балетінің авторы, «Лаутары», «Табор аспанға кетеді», «Менің мейірімді әрі нәзік жануарым» кинофильмдерінің әуендерін жазған Эуджениу Дога дүниеге келді.

1966 жылы кеңестік автоматтандырылған планетаралық «Шолпан-3» станциясы алғаш рет Шолпан планетасына қонды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5791 & 14 Сұрау