Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 458    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 2 Дауыстар   
2 Наурыз, 2010 09:18 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

2 наурыз


1992 жылдың 2 - наурызында Қазақстан БҰҰ - ның құрамына енді. 1972 жылы 2 - наурызда АҚШ та автоматтық планетааралық станция бірінші рет Юпитерге ұшырылды. 1931 жылы Ресей социал-демократиялық партиясының көшбасшысы, КСРО Президенті (1990-1991) Михаил Сергеевич Горбачев дүниеге келді.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ ның құрамына енді. 1972 жылы 2 наурызда АҚШ та автоматтық планетааралық станция бірінші рет Юпитерге ұшырылды. 1931 жылы Ресей социал-демократиялық партиясының көшбасшысы, КСРО президенті (1990-1991) Михаил Сергеевич Горбачев дүниеге келді.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ ның құрамына енді. Сол жылы егеменді мемлекет ретінде БҰҰ ның құрамына Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан Республикалары кірді.

1993 жылдың 2 наурызында Сүргітте мұнай және газ саласы бойынша ТМД ның Үкіметаралық Кеңесі құрылды. Оның негізгі міндеті –мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, өңдеу және пайдалану бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

1973 жылдың 2 наурызында «Кинодағы әйелдер» тобы құрылды (Women in Film). 1973 жылы АҚШ кинорежиссерлары өздеріне қолғабыс беретін бір ұйым құру керек деп шешті. Бұл топ жай ғана кинорежиссерлардан құрылған жоқ, бұл режиссер- әйелдер тобы болды. Бұған дейін «кино тек ерлердің жұмысы, ал әйелдердің қолынан кино түсіру мүлде келмейді» деген пікір орын алған еді. «Кинодағы әйелдер» тобы осы әділетсіздікті жою үшін
құрылған еді. Дегенмен де бүгінгі күні атақты режиссер-әйелдер өте аз. Тек Кира Мұратованы ғана ерекше атап айтуға болады.
Мүмкін, шынымен де кино түсіру ер адамдарға арналған мамандық шығар?...

1930 жылдың 2 наурызында «Правда» газетінде Сталиннің «Табыстан бас айналу» атты мақаласы жарыққа шықты. Онда коллективтендіру кезіндегі асыра сілтеушілік туралы айтылды. Мақала жай ғана кезекті көзбояушылық болған еді: «биліктегілер барлығын біледі және оған қатысты тиісті шаралар қолданады. Бұл туралы біз ашық жазамыз, себебі КСРО –демократиялық мемлекет». Асыра сілтеушілік одан әрі жалғаса берді, және кулак-байларды кәнфескелеу сол бұрынғы әдістер бойынша жүргізіліп жатты.

1972 жылы 2 наурызда АҚШ та автоматтық планетааралық станция бірінші рет Юпитерге ұшырылды. Корабльдің міндеті планета айналасындағы кеңістікті зерттеу және оны суретке түсіру болды. Бұл екі тапсырма да орындалды.

1949 жылы 2 наурызда АҚШ та көшелерді жарықтандырудың автоматты жүйесі енгізілді, яғни қараңғы түскенде көшедегі шамдар автоматты түрде өздігінен жанады.

1874 жылы француз сиқыршысы Гарри Гудини дүниеге келді. Бұл есім негізінен француз сиқыршысы Роберт Гудэнді есте қалдыру мақсатында берілді. Оның негізгі есімі – Эрих Вайс. Болашақ сиқыршының ерекше қабілеті бар еді, ол жабық буфетте тұрған заттарды еркін алатын. Оның әкесі тәттілерді балалардан құлыптаулы буфеттерде сақтайтын. Бірақ кішкентай Эрих оларды қиналмай алатын, сөйтіп тапқан «пайдасымен» інісімен бөлісетін. Ол өзінің шапшаңдығымен көрермендердің жүрегін жаулап алды, ол өз денесін еркін игеретін, бұлшық еттері бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп, тіпті сүйетерінің буындарын жылжытатын. Ол бұл жетістікке үнемі дене тәрбиесімен шынығу арқылы жетті.

1931 жылы Ресей социал-демократиялық партиясының көшбасшысы, КСРО президенті (1990-1991) Михаил Сергеевич Горбачев дүниеге келді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3659 & 14 Сұрау