Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 290    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
2 Наурыз, 2010 09:25 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Бәймәлім газдан уланған 24 мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді


Еріккен тентектер білім беру бөлімін тағы да сарсаңға салды. Сенбі күні Орал қаласындағы №5-орта мектептің спорттық залында белгісіз біреулер газ шашқан. Дәл осы мезетте спорт залында дене шынықтыру пәні болып жатқан көрінеді. Түп-төркіні беймәлім газдан уланған 24 жеткіншек жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Олардың алтауы әлі күнге дейін ем-дом алып жатыр. Назар аударалық...

Дәл осы сәтте спорт залында бой қыздыру жаттығуларын жасап жүрген оқушылар өздерін жайсыз сезінгенін айтыпты. Тамағы ашып, лоқсыған оқушылар ауа жетпей деміге бастапты. Ал кейбір жеткіншектердің басы айналғанын байқаған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы оқушыларды сыртқа шығарып, дәрігер мен құтқару қызметін шақыртады. Өртке қарсы жасақ қызметкерлері газдың шыққан жерін іздестіріп, мектеп ішінде газ шашылғанын анықтайды. Бірақ, ауадан алынған сараптама нәтижесіз аяқталған. Әзірге, мектеп басшылығы болған жағдай туралы түсінік беруден бас тартты. Қалалық білім басқармасы тіпті телефон арқылы да тіс жармады.

5-мектепте алғаш рет тіркелген оқиғаны мамандар оқушылардың тентектігіне балап отыр. Мұндай жағдай жоғары оқу орындарында жиі кездесіп тұрады. Осыдан екі жыл бұрын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жатақханасында тараған белгісіз газ 20 студенттің өмірін қатерге тіккен еді. Алайда, ол жолы да тентек табылмады. Ал сенбідегі болған оқиға ізімен 5-мектеп ішкі істер басқармасының бақылауына алынды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3843 & 14 Сұрау