Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 959    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.67 Қайдан 3 Дауыстар   
2 Наурыз, 2010 09:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Кедендік одақ - посткеңестік кеңестікте интеграцияның жаңа кезеңі"


Орал қаласыда аймақтық-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. "Кедендік одақ - посткеңестік кеңестікте интеграцияның жаңа кезеңі" атты конференцияға коммунистік партияның хатшысы, кеденшілер мен саяси партиялардың жергілікті өкілдіктерінің мүшелері, сондай-ақ көршілес Самара облысынан келген Коммунистер де арнайы қатысты.

Отырыстан оралған тілшіміздің бейнематериалында толығырақ.

3 елдің басын біріктірген кедендік одаққа кіргелі бері оның аталған мемлекеттер үшін маңызды тұстары терең талқыланып келеді. Әсіресе батыс жерінен одақтың жай-жапсарын тереңдей ұғыну мақсатында аймақтағы профессорлар мен ғалымдарды тартып, түрлі конференциялар ұйымдастыру дәстүрге айналған. "Кедендік одақ- посткеңестік кеңестікте интеграцияның жаңа кезеңі тақырыбындағы" бүгінгі конференция да осы мақсатта қолға алынған шаралардың бірі. Оған облыстағы кеден саласындағы мамандар, еліміз бен РФ коммунистік партиясының мүшелері қатысты. Аймаққа арнайы келген қонақтардың сәлемдемелерінен соң, жергілікті оқымыстылардың 4 бірдей баяндамасы тыңдалды. Шаһарымыздағы іргелі оқу орындарынан келген олар "одақ" тақырыбын он түрлі жағынан ашуға тырысты.
Конференцияға қатысушыларды эсіресе экономика ғылымдарының докторы Лилия Мерғалиеваның жасаған баяндамасы бірден елітті. Пост кеңестік кеңестіктегі Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерін молынан баяндаған оның жұмысында, әсіресе көршілес Ресей мен Белорусия мемлекеттеріндегі маңызды секторларың дамуы, әрі одан Қазақстанның экономикасына келер пайда нақты көрсетілген. Ал баяндамашының сөзінше, кедендік одаққа енудегі мемлекетіміздің идеологиясы қандай болмасын, ұлттық қызығушылық жоғары әрі бірқалыпта болғаны дұрыс. Сонда ғана, мол сеніммен еніп отырған одақтың тиер пайдасы, ешқайда да тайқып кете алмайды.

Отырыс барысында аймақтық коммунистік партия өкілдері еліміздегі шикізаттың молдығына қарамастан, өзімізден шығарылатын тауарлардың тіптен аздығына тоқталды. Олардың ойынша, енді қолда бар мүмкіндікті пайдалануда 3 ел біріге жұмыстанатын болады. Мәселен, көршілес екі елдің ұсынған жаңашыл технологияларын пайдалана отырып, отандық тауарлардың шығарылуын қамтамасыз етуге болар еді.

Азаннан кешке дейін жалғасқан конференция соңында жиналған көпшілік, кедендік одақты оңды тұсынан пайдалану бағытындағы ойларын ортаға салу арқылы, алда атқарылар жұмысты нақтылады. Көпшілігінің айтуынша, ең басты қойылар талап - ұйымшылдыққа келіп тірелмек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, сонда ғана одақ өз сенімін ақтап шығары сөзсіз.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

car alarm system
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3829 & 14 Сұрау