|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының 15 жылдық мерейтойыСалтанатты шарадан оралған тілшіміздің бейнематериалында толығырақ. Әу баста-ақ тарихи татуластықтың тірегін нығайту мақсатында құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясына да биыл 15 жыл толып отыр. Осы аталған мерзім ішінде ассамблея құрамымен атқарылған жұмыстар аз емес. Ең бастысы, бейбіт өмірде жоспарлы болашаққа бағыт алған бүгінгі ассамблеяның құрамы жылдан жылға ұлғайып, мемлекетіміздегі маңызды сауалдарды шешуге ат салысып келеді. Аймақтағы кіші ассамблея төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебайұлының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жарқын келешекте де жалғасын таппақ. Әрине күні бүгін ҚХА ұлтаралық татулықтың тірегі бола отырып, республикамыздағы этносаралық, әрі конфессияаралық келісімді нығайтуда нақты жұмыстар жүргізе бастады. Соның арқасында алыс-жақын шет аймақтарда Қазақ елін мойындаған мемлекеттер қатары көбее түсті. Форум барысында "Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету", "Елдегі саяси-қоғамдық өмірді ұйымдастырудың маңыздылығы мен Ұлттық бірлік Доктринасы", "Ұлтаралық және тіл саясаты" секілді бірқатар маңызды тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды. Айта кетелік қазір облысымызда 20-дан астам ұлттық мәдени орталықтар жұмыс жасауда. Әрі олардың барлығы бірлік пен татулықты нығайту бағытында жұмыстарды жан-жақты жүргізуде. Орыс мәдени орталығы төрағасының сөзінше, ассамблеяның 15 жылдық тарихы түрлі мемлекттерге үлгі болуға лайықты. Ассамблеяның жоспарлы жұмыс жасауы Қазақстан сынды тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса маңызды. Өйткені форумға қатысушылардың сөзінше, ол бірлік пен татулықты ту еткен елбасы саясатын жүзеге асырушы айбынды күш болып есептеледі. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||