Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 471    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.70 Қайдан 10 Дауыстар   
3 Наурыз, 2011 09:00 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

3 наурыз


Бүгін дүниежүзілік жазушылар күні. Жапонияда бұл күн кішкентай қыздар немесе қуыршақтар күні. 1921 жылы канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг өз әріптестерімен бірлесіп инсулин гормонын ашты. 1870 жылы АҚШ үкіметі үндістерді резервациялауды, күштеп қоныс аудару бастады. 1847 жылы болашақ телефонды ойлап тапқан Александр Белл дүниеге келді.

3 наурыз

Бүгін дүниежүзілік жазушылар күні. Жапонияда бұл күн кішкентай қыздар немесе қуыршақтар күні. 1921 жылы канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг өз әріптестерімен бірлесіп инсулин гормонын ашты. 1870 жылы АҚШ үкіметі үндістерді резервациялауды, күштеп қоныс аудару бастады. 1847 жылы болашақ телефонды ойлап тапқан Александр Белл дүниеге келді.

Бүгін дүниежүзілік жазушылар күні. Жапонияда бұл күн кішкентай қыздар немесе қуыршақтар күні. 1921 жылы канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг өз әріптестерімен бірлесіп инсулин гормонын ашты. 1870 жылы АҚШ үкіметі үндістерді резервациялауды /күштеп қоныс аудару/ бастады. 1847 жылы болашақ телефонды ойлап тапқан Александр Белл дүниеге келді.

1986 жылы өткен халықаралық Пен-клуб конгрессінің шешімі бойынша бұл күн дүниежүзілік жазушылар күні деп белгіленді..
Көптеген батыс елдерінде наурыздың алғашқы жексенбісі аналар күні ретінде аталып өтеді. Ал Францияда бұл күн әжелер мейрамы.
Мүмкін сіз тұратын қалада әрі жазушы әже бар шығар?

Ал Жапонияда бұл күн кішкентай қыздар немесе қуыршақтар күні. Бұл күні кішкентай қыздары бар отбасылар қуыршақтар көрмесін ұйымдастырады, оларды әдемі киіндіреді.
Бұл көрмелер бір айға дейін созылады, одан кейін қуыршақтарды шырша әшекейлері сияқты мереке біткен соң келесі жылға дейін жинап қояды.Жапондықтардың сенімі бойынша егер оларды жинамаса, қыздары ұзақ уақыт тұрмысқа шықпай қалады.Бұл мейрамның тамыры көнеден бастау алады, яғни бұрын шамандар ырым бойынша баладан бәле-жаланы қуыршаққа аударып, қуыршақты өзенге лақтырған.
Ал отбасындағылар қуыршақ қызының басына төнген барлық жамандықты өз бойына сіңіріп алса екен деп құдайдан тілеген.
Сіздің қалаңызда балалар қандай қуыршақпен ойнайды, шетелдік Барби ма, әлде отандық қуыршақтар ма?

1921 жылы канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг өз әріптестерімен бірлесіп инсулин гормоның ашты. Ол үшін ғалым 1923 жылы Нобель сыйлығын алды.

1870 жылы АҚШ үкіметі үндістерді резервациялауды /күштеп қоныс аудару/ бастады.
19 ғасырдың соңында адам құқығын қорғайтын немесе халықтардың мәдениетін сақтауға байланысты ешқандай халықаралық институттар болмаған.
Көшіру күш қолдану арқылы жүргізілді , өз үйренген жерлерінен бөтен жерге қоныстандырылған үндістер өз әдет-ғұрыптарынан айырылып қалды. Бүгін АҚШ -та 300-ден аса федералды резервация бар. Олардың даму деңгейі де әртүрлі – біреулері тек үкіметтің ғана көмегіне сүйеніп кедейшілікте өмір сүреді, енді біреулерінде бизнестің ағаш дайындау және мұнай-газ өндіру салалары дамыған.

1802 жылы Венада Бетховеннің «Лунная сонатасы» алғаш рет жарық көрді.
.
1875 жылы париждік «Opera comique» саханасында халық операны суық қарсы алды.
Петербург қаласында да бұл оқиға қайталанды. Тек Вена қаласының ән тыңдаушылары опералық ән салу мен актерлік ойнаудың үйлесімін, сонымен қатар Бизенің ән арқылы жеткізген «Карменге» деген құштарлығын жақсы бағалады. Чайковскийдің айтуы бойынша Венада өткен операның алғашқы қойылымынан кейін ол әлемдегі ең атақты операға айналды және әлі күнге дейін сол атағын сақтады.Алайда авторға бұл сәттілікті көру жазбапты.Жорж Бизе Парижде өткен сәтсіз қойылымнан кейін үш ай өткен соң қайтыс болды. Бұл Жорж Бизенің жалғыз туындысы емес,одан бөлек автордың 20 операсы, 3 опереттасы, бірнеше фортепианалық пьесасы және оркестрлік шығармалары бар.

1918 жылы Брест-Литовскіде Кеңестік Ресей мен Германия, Австро-Венгрия, Болгария, Түркия арасында оңаша бітімге қол қойылды. Брест келісімі Ресейге пайдасыз болды.Ол өзінің территориясының 1 миллион квадрат километрінен айырылды. Ресей Финляндия мен Украинаның тәуелсіздігін мойындады және Грузия ,Польша мен Балтық аймақтарынан айырылды.Армяндық аймақтарының бір бөлігі Түркияға берілді. Әлемнің шарты бойынша Ресей Германияға 6 миллиард алтын маркі төлеуге міндеттелді. Германия Брест келісімі арқылы өз позициясын шығыс Еуропада жүргізуді күшейтуді ойлады, алайда 1918 жылғы Германиядағы Қараша төңкерісінен соң Кеңестік Ресей үкіметі келісімді жоққа шығарды.Азамат соғысы барысында кеңестер Украинаны өздеріне қайтарып алды.1939-1949жылдары КСРО Балтық республикаларын, Украина мен Белоруссияны жаулап алды.


1847 жылы болашақ телефонды ойлап тапқан Александр Белл дүниеге келді. Оның атасы белгілі шешендік өнер мектебінің негізін қалаған.Ал әкесі сөз дыбысталуын жазу белгілері арқылы белгілеуді, яғни «Көрнекті сөз» жүйесін ойлап тапқан. Александр ән мен көркем сөйлеу жағдайында өсті.Сондықтан Белл саңырауларға арнап дыбыс аппаратын ойлап таппақ болды. Бірақ бұл ой оны электр тоғы арқылы дыбыс тасымалдайтын тағы бір құрылғыны жасап шығаруға итермеледі. Бұл аппаратқа Белл «телефон» деп ат қойды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3935 & 14 Сұрау