|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
"Жас отау" жастар бағдарламасы"Жас отау" бағдарламасы шеңберінде бой көтерген екінші үйдің құрылысы 1-сәуір күні аяқталады. 5 қабатты үйдің құрылысы біткесін, құжаттарды қабылдау ісі басталады. Биыл бұл істе жекелеген өзгерістер бар. Мысалы, жаңа үйдегі бірнеше пәтер квота бойынша коммуналдық сала қызметкерлеріне берілмек. Әзірге, оларға қанша пәтердің берілетіні белгісіз, бәрі түскен арыздың көлеміне байланысты. Тағы бір өзгеріс несиелеу ісіне қатысты. Егер "ЖасОтаудың" алғашқы үйі 25/75 тарифімен таратылса, жаңа үйдегі пәтерлер 50/50 үлесі бойынша беріледі. Демек, үй алудан үміті бар отбасылар үш жылдың ішінде алғашқы салымды 25 пайыз мөлшерінде емес, пәтер бағасының жартысын төлеп тастауы керек. Әрине, бұл талаптарды орындаған жас отбасылардың саны көп емес, бірақ, ақысын алдын ала толық төлегендерге берілер мерзім 25 жылдың жылдың орнына 6 жыл болады. пайыздық мөлшерлеме 5 пайызды құрамақ. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: АйнҰр Медеуова ТИТР: «АҚжайык Жас Отау» ЖШС ДиректорЫ - Бір бөлмелі пәтер алмақ болған жас отбасылардың айлық табысы 73 мың теңгеден төмен болмауы керек, ал екі бөлмелі пәтер алмақ болғандар үшін айлық жалақы мөлшері 82 мың теңгеден кем болмағаны жөн. Әрине, алғашқы 3 жылдың жастар үшін ауыр тиюі мүмкін. Бұл кезде оларға ата-аналарының көмегі керек-ақ. Немесе қосымша кіріс көзін іздестірсе де болады. Ал үш жылдан кейін төлем құны бірден екі есеге дейін кемиді.)) Пәтерден үмітті жас жұбайлардың жасы 29-дан аспауы керек. Құжаттарды қабылдау барысында еңбек өтілі мен бала-шаған саны да ескеріледі. Айта кетелік, осыған дейін жастардың баспанасы болмауы шарт. Алғашқы үй осыдан 2 жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Мұндағы 90 пәтердің 15-і коммерциялық бағамен сатылды. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 Бұл үйлердегі 18 пәтер нарықтық баға бойынша сатылатын болады. Түскен ақша шыққан шығынды өтеуге жұмсалады. Өйткені, қазір мердігер мекемелер үшін бұл жұмыстар қиынға соғып отыр.)) Жоспар бойынша жастарға арналған 3-үйдің құрылысы биыл басталады. 90 пәтерлік үйдің жалпы құны 300 млн.тг бағаланып отыр. Бұл жобаны қаржыландыру мәселесін оралдық депутаттар алдағы сессиялардың бірінде талқылайтын болады. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 Бюджеттен бөлінетін қаражат алдыңғы 3 үйге ғана беріледі. Бұдан кейін серіктестік үй иелерінің төлемдері есебінен құрылысты өзі жүргізеді. Яғни, осы төлемдер арқылы келесі 4, 5, 6 үйлер осы серіктестік қаржысына бой көтереді.)) "Жас Отауға" қоныстанған 9 отбасы бүгінде құжаттарын тапсырып, несиесін рәсімдеуге кірісті. Ал қалғандары жиған-тергеннін сақтауда. Айнұр Медеуованың сөзінше, олармен еш қиындық жоғын айтады. Последние новости рубрики
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту
30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру 30.07 (10:22) Келендік одақ 30.07 (10:18) Шайынды судың әлегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||