Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 286    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
3 Наурыз, 2010 09:24 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Балабақша санын көбейту


Елбасының балалар бақшасының санын көбейту жөніндегі тапсырмасы облысымызда қарқынмен орындалатын түрі бар. Бүгінде, болашақта балабақша болатын ғимараттардың қатары белгілі болды. Бірақ, бұл нысанды балабаққа қайта бейімдеу үшін күрделі жөндеу жұмыстары қажет.

Осы қара тізімге жылжымайтын мүлік орталығының ғимараты да іліккен. Бірақ, орталық қызметкерлері өздері қоныстанған ғимарат балабақшаға айналдырылса, қай жерді паналарын білмей отыр...

Тарихы өткен ғасырдың орта шенінен басталатын бұл ғимарат бүгінде қалалықтар үшін Жылжымайтын мүлік орталығы ретінде белгілі. Мүлікті рәсімдеу, оларды тіркеу сынды жұмыстар осы жерде атқарылады. Ғимараттың қасбеті келушілерге қолайлы болуы үшін біраз өзгерістерге ұшыраған.

Мақсат Бисембиев
ТИТР: ЗамБастық
- Біздер мына жердің құрылысын өзгерттік, үлкен зал салдық,,,))

Президент тапсырмасын орындауға құлшына кіріскен жауапты сала басшылары өткен жылдың аяғында бірнеше балабақшаны пайдалануға берді. Бұған қоса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен ғимараттар кері қайтарылуда. Бұған мысал ретінде "РУСЬ" балабақшасы сұранып тұр. Бірақ, Жылжымайтын мүлік орталығының қайда қоныстанатыны әзірге белгісіз...

Күнсәуле Аралбекова
ТИТР: ЗамБастық
- Бұл жерді балабақ қыл десе амал жоқ...))

Мұнда өз шаруасымен келген тұрғындар да мекеменің мекені өзгеретініне қарсылығын білдіруде. Олардың ойынша, бұл жер 15 жыл бойы жылжымайтын мүлік орталығы ретінде оралдықтар санасына әбден сіңісті боп кеткен. Қазір орталықта 36 мыңға тарта тұрғын үй мен он мыңнан астам өзге ғимараттардың құжаттары сақталған.

қала тұрғыны
- Бұл жерге азаматтардың барлығы үйреніп қалды, өзі орталықта. Автобустардың қозғалысы да жақсы. Бұл мекемені жақсы жерге орналастыру керек деген бастаманы құптаймын. Бірақ, ертең азаматтар шатысып, жанжал басталады. Сондықтан, мұны дәп қазір өзгертудің қажеттігі жоқ деп ойлаймын...))

Мәселенің анық-қанығын білмек болып, жергілікті халық қалаулыларына да хабарластық. Олар жылжымайтын мүлік орталығы жылы орнын суытатынын растады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында пайдалануға берілген балабақша балғындарды қабылдауға әлі дайын емес...


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5517 & 14 Сұрау