Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 76    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
3 Наурыз, 2010 09:29 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Орал қаласында жоғары тыныс жолдары дертіне шалдыққандар саны артуда


Ресми деректер бойынша, олардың облыстағы саны 6 мың адамға жеткен. Жұқпалы аурулар емханасынан алынған мәліметке сүйенсек, аталған аурумен түскен науқастардың көбін 1 жастан төмен әрі 3 жасқа дейінгі сәбилер құрап отыр.

Ал дәрігерлер болса, қалыптасқан эпидахуалды ауа райының қолайсыздығымен байланыстырады. Тақырыпты тілшіміз жалғастырсын.

Жұқпалы аурулар емханасы күрделі жөндеуден өткен соң, мұндағы науқастарды орналастыратын қосымша орындар ашылды. Қазір аталмыш орталық 200-ден астам адамды еш қиындықсыз қабылдайды. Бір айта кетерлігі, 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бері мұнда түскен науқастардың ішінде 5 жасқа дейінгі балалар көбейген. Пед. дәрігердің айтуынша, олардың басым бөлігі - жоғары тыныс жолдары мен ішек ауруына шалдыққандар нәрестелер болып отыр.

Қазіргі таңда аурухана қабырғасында бос қалған бөлме байқалмайды. Көктем мезгілі келе жұмыстың қыза түсетінін алға тосқан орталық мамандары, қазіргі күні қалыптасқан ахуалды суық ауа райының кесірінен деген пікірде. Десек те перзентімен бірге түскен аналардың көбісі, осындай жағдайға душар болатындай баласын суыққа шығармағандарын айтады.

Ауыр респираторлы жұқпалы аурудың әсіресе кішкене сәбилер арасында көптеп таралуының нақты себебін анықтамақ ниетте, қалалық және облыстық санэпид қадағалау басқармасына хабарласқан болатынбыз. Неге екені белгісіз, ондағылар басшылықтың орнында жоқтығын сылтауратып, жауаптан бірден жалтарды. Осылайша бала денсаулығына қауіпті аурудың таралу себебін анықтау мүмкін болмады. Ал инфекциялық аурухана мамандары болса, баланың қызуы кенеттен көтеріліп, тынымсыздана бастаған сәтте бірден дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.338 & 14 Сұрау Серверді жегу: 2.79