Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 308    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
4 Наурыз, 2010 09:13 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

4 наурыз


1866 жылы Чайковскийдің музыкасы алғаш рет Мәскеуде жұртшылықтың назарына ұсынылды. 1887 жылы неміс инженері Готлиб Даймердің төрт доңғалақты моторлы арбасы алғаш сынақтан өтті. 1813 жылы тарихта алғаш рет балмұздақ АҚШ президенті Джеймс Медисонның инаугурациясы салтанатында ресми түрде берілді.

1866 жылы Чайковскийдің музыкасы алғаш рет Мәскеуде жұртшылықтың назарына ұсынылды. 1887 жылы неміс инженері Готлиб Даймердің төрт доңғалақты моторлы арбасы алғаш сынақтан өтті. 1813 жылы тарихта алғаш рет балмұздақ АҚШ президенті Джеймс Медисонның инаугурациясы салтанатында ресми түрде берілді.

1866 жылы Чайковскийдің музыкасы алғаш рет Мәскеуде жұртшылықтың назарына ұсынылды. Ол кезде жас композитордың жасы 26-да болатын. Оның музыкаға деген махаббаты ерте жастан басталды. Ол 5 жасында фортепианода ойнап, 8 жасында қағазға қарап ақ орындай беретін.

1887 жылы неміс инженері Готлиб Даймердің төрт доңғалақты моторлы арбасы алғаш сынақтан өтті. Бұл «Мерседес» автокөлігінің пайда болуының баспалдағы еді. 1899 жылы австралиялық кәсіпкер Эмиль Эллинек Даймлер автокөлігіне таң қалып, оған 36 машинаға тапсырыс берді. Өнертапқыш оның ақысына автокөліктің жаңа үлгісін ойлап тауып, Эллинектің қызы – Мерседестің есімімен атауға міндет еді. Ол бұл келісімнің нәтижесін көре алмады, ол 1900 жылы қаза болды, ал көлік оның жобасы бойынша дайындалып шығарылды. «Мерседес» автокөлік өндірісінде төңкеріс жасады деуге болады.

1813 жылы тарихта алғаш рет балмұздақ АҚШ президенті Джеймс Медисонның инаугурациясы салтанатында ресми түрде берілді. Өмірде бірде-бір рет балмұздақ жемеген адам жоқ шығар. Алайда оның алғаш қайда, қалай пайда болғанын көп адам біле бермейтін болар. Біздің заманымызға дейінгі 3000-шы жылы Қытайдың бай дастарханында қарға не мұзға араластырылған жеміс шырыны қойылатын. Оны дайындау әдістері құпия сақталатын. Тек оның сыры ХІ ғасырда ашылды. Белгілі дәрігер Гиппократ оны денсаулықты нығайту үшін жеу қажет екенін айтты. І ғасырда Рим императоры Неронның кезінде салқындатылған жеміс шырыны кеңінен қолданыла бастады. Қарды олар алыс альпі тауларынан әкеліп, оны арнайы қоймаларда сақтады. Александр Македонскийді Персия мен Үндістанға барғанда балмұздақпен сыйлаған.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5588 & 14 Сұрау