|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Бала құқығыБүгін Мәжіліс «баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» мәселелері бойынша заң жобасын талқылап, Ішкі Істердің есебін тыңдады. МӘТІН: Ішкі Істер министрінің орнына бүгін Мәжіліске оның орынбасары келді. Ал халық қалаулылары вице - министр Амантай Әубәкіровке сұрақты қарша боратты. Шенеунік болса, нақты қойылған сауалдардан жалтарып, әңгіме ауанын басқа арнаға бұруға барынша тырысып бақты. Мұнысы көпке ұнаған жоқ. СНХ: ИРАК ЕЛЕКЕЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МӘТІН: Зілді сөздерден кейін есін жиған вице-министр алдымен көңіл қуантарлық деректерін жария етті. Себеп - жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыс саны азайып келеді. Кәмелетке толмағандар көп аса ұрлық -қарлық, тонау секілді орташа деңгейдегі қылмыстарға ұрынады. Сондықтан Ішкі Істер министрлігі жасөспірімдерді қылмыстық жазаға бұрынғыдай 14 емес,16 жастан тарту керек,- деп отыр. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады, бірақ, өз ойларын да айтпай қалмады. АЛДАН СМАЙЫЛ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ (((Эротиканы бүкіл канал көрсетеді? Бұл не масқара!!!))) МӘТІН: Алдан Смайылдың екінші сауалы мынаған сайды. МӘТІН: АЛДАН СМАЙЫЛ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ (((Кинотетарға барып көрдіңдер ме, балалар клубта отырады ойын ойнап , қып-қызыл қан. ))) АМАНТАЙ ӘУБӘКІРОВ - ІІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ (делаем, работу.) МӘТІН: Каникул кезінде бұғанасы қатпаған балаларды ұстаздар мен мектеп директорлары қара жұмысқа жегіп қояды. Олардың ақылға сыйыңқырамайтын әрекетін Нұртай Сабильянов бүгін қатаң сынға алды. Сондықтан оқушыларды жұмысқа тартуды заңмен реттеп алған жөн. НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ (Балаларды жұмысқа салады. Соны ретету үшін заңға жазайықшы) МӘТІН: Заң жобасын депутатттар көп талқылады. Айтысты-тартысты. Бірақ, ақыр соңында баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда-ақ, мақұлдап берді. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||