|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Ауылдағы төбелес23-ақпан күні Зашаған кентінде оқыс оқиға орын алған. Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттер үш ер адамды аяусыз соққыға жыққан көрінеді. Бейбастық жасаған олар тіпті бір жәбірленушіні пышақпен жарақаттаған. Ауыр жараланған азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан, бұл оқиға тәртіп сақшыларының күнделікті дерегінде тіркелмепті. Назар аударалық. Оқиға былай болған - Жаңабай Айжарықов 23-ақпан күні мерекемен құттықтауға ағасының үйіне барады. Жолай кездескен ақ машинаны өткізіп жібермек болып жол берген жігітті көлік ішінен түскен жастар балағаттап, тілдей бастаған. Ұрынарға қара таппаған көлік ішіндегілер Жаңабайды соққыға жығады. Автокөліктің келінінің үйінің қасында тұрғанын байқаған Жаңабай болған жайды ағасына айтып шағымданып, бауыры екеуі осы үйге келеді. Інісін таяққа жыққандарды сөзбен сөгіп, ұялтпақ болған жігіт ағасын тентектер ұрып-соғады, ара түспек болған Жаңабай да алған соққыдан ес жимапты... ((СИНХРОН Жанабай Айжарықов - мені аяусыз ұрды.)) + ((СИНХРОН Динара Айжарикова оларды ұрды...)) Айжарықовтардың келіні осы кезде жұмыста болыпты. Шақырылмаған қонақтар келіннің жақын сіңлісіне келген екен. Ағайындыларды ашықтан-ашық сабауға кіріскенін үйдегі қыздар білмес үшін есікті сыртынан бекітіп тастаған жігіттер білгенін жасайды. Ағаларының не күйде екенін телефон арқылы білген Ринат Айжарықовтың жігіттерден жөн сұрамақ болған әрекеті жауапсыз қалмады. Есірген жігіттер оған тіпті пышақ сілтеп, мойын тамырын жарақаттайды. ((СИНХРОН Динара Айжарикова күйеуім есін жиған...)) Тентектердің тепкісінен қашып құтылған Ринат жолай кездескен көлікке жетіп жығылады. Жігіттің не күйде екенін көрген көлік жүргізушсі полицияға хабар беріпті. Алайда, оқиғаның 23-ақпан күні болғанына қарамастан, бұл туралы тек бүгін ғана мәлім болды. Бұлай демеске де себеп жоқ. БҚО ІІД баспасөз хатшысы Фатихолла Маштақов бұл оқиғаның полицейлер дерегінде тіркелмегенін айтады. Ал Жаңабай Айжарықов ауруханада ес-түссіз жатқан кезінде оған тергеуші келіп, бір қағазға қол қоюын сұрағанын еске алды. Тумалары бұл қағаздың ешкімге еш талабым жоқ деген рұқсаты болуы мүмкін екендігін де теріске шығармайды. ((СИНХРОН Жаңабай Айжарықов - Бір қағазға қол қойғызды, не екенін білмедім...)) Айдың күні аманында ауруханадан шыққан ағайындылардың балаларын қазір ата-аналары қолына алыпты. Күйеулерінің күтімінен шаршаған келіндер тәулік бойы көз ілмей, жұбайының жанында отыр. Күйінген мұңлықтар әділдіктің аулы алыста дейді. Последние новости рубрики
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту
30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру 30.07 (10:22) Келендік одақ 30.07 (10:18) Шайынды судың әлегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||