Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 405    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.50 Қайдан 2 Дауыстар   
5 Наурыз, 2010 09:24 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

5 наурыз


1953 жылы Кеңес Одағындағы радиоқабылдағыштар Юрий Левитанның даусымен Сталиннің қайтыс болғанын хабарлады. 1940 жылы Смоленскіден 14 шақырым жерде орналасқан Катын орманында НКВД органдары 4 мыңнан аса офицерді атқан. 1868 жылы Англияда степлер патенттелді. 1882 жылы доктор Карл Вельферт Шарлоттенбургте дирижабльмен әуеге көтерілді.

1953 жылы Кеңес Одағындағы радиоқабылдағыштар Юрий Левитанның даусымен Сталиннің қайтыс болғанын хабарлады. 1940 жылы Смоленскіден 14 шақырым жерде орналасқан Катын орманында НКВД органдары 4 мыңнан аса офицерді атқан. 1868 жылы Англияда степлер патенттелді. 1882 жылы доктор Карл Вельферт Шарлоттенбургте дирижабльмен әуеге көтерілді.

1953 жылы Кеңес Одағындағы радиоқабылдағыштар Юрий Левитанның даусымен: «5 наурыз күні кешкі 9 сағат 50 минутта ұлы Ленин ісін жалғастырушы, дана көсем және Коммунистік партия мен кеңес халқының оқытушысы – Иосиф Виссарианович Сталиннің жүрегі соғуын тоқтатты» - деп хабарлады. Сталин қайтыс болды. Бұл көпшілік үшін үлкен қайғыға айналды, енді кім үшін өмір сүріп, кім үшін жан қиылмақ. Бірақ елдің бәрі бірдей қайғырды деу артық. Отандық мұрағаттарда Сталиннің өліміне «дұрыс пікір білдірмегендер» бар деген құпия хабарлар сақталған. Мысалы артиллерия базасы клубының бастығы Сталин өлімін естіген кезде: «оның жолы сол еді» деген.

1940 жылы Смоленскіден 14 шақырым жерде орналасқан Катын орманында НКВД органдары 4 мыңнан аса офицерді атқан. Кеңес билігі катын оқиғасын ұзақ уақыт мойындамады. Тек 1989 жылы бұл жерге ескерткіш орнатылды.

Тоталитарлық жүйе ХХ ғасырда тек Кеңес Одағында ғана болмаған. Фашистік Германияның құрылымының Кеңес Одағына ұқсайтын тұстары көп. 1933 жылы Гитлер рейхсканцлер болып тағайындалғаннан соң, негізгі азаматтық заңнаманы өзгерткен заң пайда болды. Ұлтшыл-социалистер басқару партиясына айналып, Рейхстагта өткен сайлауда көп дауыс алды. Фашистік те, кеңестік жүйе де өз идеологиясын тұжырымдап, басқаларды жойып отырды. Германияда кітаптар өртенді, Ресейде дәл ноталардан алау жағылды. Георгий Свиридов «Мәскеу консерваториясының ауласында классиктердің ноталары өртенген алау жағылды. Бұл Геббельс алауларына дейін 2-3 жыл бұрын болған оқиға». Композитор-классиктерден «қара тізім» жасалып, олар түрлі жазаға тартылды. Олардың ішінде Сергей Прокофьев те бар. Ұлы композитор Сталинмен бір күнде қаза болды, 1953 жылдың 5 наурызында.

1868 жылы Англияда степлер патенттелді.

1882 жылы доктор Карл Вельферт Шарлоттенбургте дирижабльмен әуеге көтерілді. Ол ұшқан соң дирижабльдің бұрандасын бұрап, оны қозғалысқа келтірмек болды. Алайда адамның күші жетпейтін. Бұл адамзаттың дирижабльді жетілдіріп, әуе кемелерінің бірі етеміз деген мақсатына тосқауыл бола қойған жоқ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6325 & 14 Сұрау