Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 80    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
5 Наурыз, 2010 09:34 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Финляндия - елімізге мол көлемде инвестиция құюға дайын


Әсіресе, фин кәсіпкерлерін кедендік одақтың келешегі қызықтырып отыр. Бірақ, үштік одақ жайлы білетіндері аз. Әйтсе де, мұндай интеграциялық прогресті барынша қолдап отыр. Бүгін Елордада 2 мемлекеттің бизнес өкілдері қатысқан алқалы кеңес болып өтті.

Бизнес форумда сауда - экономикалық, іскерлік байланыстардың болашағы кеңінен талқыланды.

МӘТІН: Қазақстанның - Финляндиядан үйренері көп. Индустрия және сауда министрінің оптимизге толы баяндамасы осылай басталды. Нені үйрену керектігін Әсет Исекешов тізбелеп, толық айтып берді. Алдымен еліміздің экономикасын жаңғыртып, оны инновациялық дамуға негіздеуде Финляндияның мол тәжірбиесін ескерген жөн. Жоғары технология саласында да, іскерлік байланысты жандандыру мемлекетіміз үшін тиімді болары хақ.

СНХ: ӘСЕТ ИСЕКЕШОВ - ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ

(АУДАРМА) Қазіргі таңда елімізде Фин-ляндия-ның 30 кәсіпорны энергетика, мұнай-газ, және басқа да салаларда табысты жұмыс істеуде. Меніңше, бұл аз. Сондықтан бүгінгі форумда фин кәсіпкерлерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырдық. Сондай-ақ, алдағы 5 жылға арналған үдемелі индустриялық бағдарламаны бірігіп іске асыруға үндедік.

МӘТІН: Ал әлемге танымал фин бизнесмендерін Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің арасында құрылған кедендік одақ қызықтырып отыр. Өйткені, Финляндия 180 млн тұтыншысы бар нарыққа өз өнімдерін шығаруға ынталы екендіктерін білдірді.

СНХ: ПААВО ВЯЮРЮНЕН - ФИНЛЯНДИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ЖӘНЕ ДАМЫТУ МИНИСТРІ

(((АУДАРМА))) Бірақ, кедендік одақ жайында біздің білетініміз аз.
Дейтұрғанмен, шекараның ашылып, сауда-саттықтың қарқын алуын қолдаймыз. Әйтсе де, бұл одаққа қосылған Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына ену процесін де, жеделдеткені дұрыс.

МӘТІН: Ал екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 500 млн евроны құраған. Мұны еселей түсу үшін бүгінгі бизнес форумның септігі тиері сөзсіз.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.997 & 14 Сұрау Серверді жегу: 2.21