Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 285    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
5 Наурыз, 2010 09:44 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысы әлі де өз деңгейінде емес


Бұған мысал ретінде Халыққа қызмет көрсету орталығын келтірсек те болады. Бұдан бөлек, жолдағы қозғалысты қадағалаушы сала - жол сақшыларының жұмысы да көңіл көн-шітерлік емес.

Жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілермен сөйлесу әдебі, құжаттарды рәсімдеу тәртібі қалалықтардың көңілінінен шықпай отыр. Осы мәселелермен жұмыстану керектігін ескерткен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев бұл кемшіліктерді жою керектігіні қадап тапсырды. Назар аударалық.

Құжаттарды рәсімдеу жұмыстары бүгінде ХҚО жасалады. Оралдағы орталықтан бөлек, облыс аудандары мен ірі елді мекендерде де өкілдіктер жұмыс жасайды. Халыққа қызмет көрсету саласындағы жетістіктер мен нәтижелерді ғана тізбелен орталық басшысын орта жолдан тоқтатқан облыс әкімінің орынбасары ескерту жасады.

Күніне мыңдаған азаматты қабылдап, құжатын рәсімдейтін орталық тұрғындарды толығымен қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл ретте шаһарға іргелес орналасқан ауылдар мен елді мекендерден қосымша бөлімшелер ашқан жөн. Бірақ, бұл үшін облыс әкімдігінің көмегі керек дейді қала басшылығы.

Сын садағына алынған тағы бір мекеме облыстық жол полициясы басқармасы болды. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қадағалайтын басқарма қызметкерлерінің дөрекілігі наразы жүргізушілердің қатарын көбейткен. Жол полициясы аумағында орналасқан түрлі вагонша-дүңгіршектер мәселесі де жыл санап қозғаусыз қалған проблемалар қатарында. Бұл дүңгіршектердің жұмысына ренішті тұрғындардың өкпесі де қара қазандай дейді жол полициясының басшылары.

Жиын барысында Нұрлан Ноғаев электр қуатын үнемдеу керектігін қатаң ескертті. Мысал ретінде терезе пердесін ашып, залдағы жарықты өшірткізді. Мұндай өнегені өзгелерде үлгі қылса ұятқа қалмасы анық.
Флаги блока:


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4883 & 14 Сұрау