Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 92    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
5 Наурыз, 2010 09:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"ҚазтрансгазАймақ" өз тұтынушыларына газ қондырғыларына көрсетілген техникалық қызмет үшін ақы төлеуді талап етуде


Алайда, монополияларға қарсы инспекция мамандары бұл қызметтің заңсыз екенін жария қылды. Яғни, ешбір мекеме тұрғындардан мұндай қызмет түрі үшін алдын ала төлемақы жасауды талап ете алмайды.

Газшылардың жұмысына деген тұрғындардың көңіл толмаушылығы көп-ақ. Тіпті қарапайым халықты былай қойғанның өзінде, аймақтық бизнес өкілдері мен қалалық маслихат депутаттарының өздері де монополистердің жұмысына төмен баға беруде. Өйткені тарифтердің кенеттен көтерілуі мен алдын ала төлемақыны талап ету секілді ережелер енген жаңа келісімшарт көпшіліктің тарапынан сауалдардың көбеюіне әкеп соқтырды.

Копылова Зина:))
- Қазір қаламыздағы механикалық зауыт қабырғасында Ақтөбе мен Батыс қазақстан облысы арасындағы бәсекелестікті қорғау жөніндегі "Республикалық Аймақаралық Агенттік" қызмет атқаруда. Түсірілім тобымыз аталмыш агенттікке барып, "ГазТрансгазАймақ" АҚ-ның өз тұтынушыларынан талап етіп отырған қызметінің заңдылығын білген еді.

Осылайша, аталмыш инспекция мамандары қала мен облыс тұрғындарына, өз құқықтарын біле жүріп, оны толыққанды пайдалану мүмкіншілігін жіберіп алмауды ескертеді. Өйткені үй ішіне көгілдір отынды кіргізу қызметін атқаратын маманды таңдап алу әр азаматтың өз еркі. Әрі ол үшін тұрғыннан алдын ала төлемді талап етуге ешкімнің де құқы жоқ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.0891 & 14 Сұрау Серверді жегу: 1.13