|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қаржыдан қағылған балабақшаБілім басқармасындағылар бұл ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын айтып айды аспанға бір шығарды. Аталмыш басқарма мамандары бұл балабақшаны ұстау үшін қаражаттың жоқтығын айтып отыр. Марьяна Гуляева - бұл балабақшада қазақша тіл сындырып, таным көкжиегін кеңейткен бүлдіршіндердің бірі. Балдырған жаңа достар тауып, оларға бауыр басып та үлгірген. Ал әжесі немересіне балабақшадан орынның тез табылғанына қуаныпты. Бірақ, түске дейін ғана жұмыс жасайтын балабақшаға бөбегінің тамағын күн сайын өзі апарып беретін Валентина Петровна бұл қуаныштың ғұмыры қысқа болатынын білмеген тәрізді. Ал жаңа жылдың алғашқы айы әжейді әбден әлекке салған. ВАлентина Гуляева ТИТР: Марьянаның әжесі Жаңажылдық ертеңгілік кешіне қажетті түрлі тәттілерді өзіміз апарып бердік, бір замандасым немересіне деп бауырсақ пісіріпті, мен де қолымнан келгенше көмек еттім, бірақ, асхананың мүмкіндігі туралы күдік көкейде болса да, оған аса мән бере қойған жоқпыз.)) Мамандар мұны бүлдіршіндерге берілер ыстық ауқатқа қажетті қаражаттың бюджетте қарастырылмағанымен түсіндіріпті. Қаржыдан қағылған мекенде балалар бірнеше сағат қана бола алады. Үмітін үзбеген ата-аналар бұл мәселенің жаңа жылдан кейін шешімін табарына сеніпті. Жаңажылдық мерекелерден кейін Гуляевтер балабақшаның ақпан айының аяғына дейін жұмыс жасамайтынын біледі. Шыдамы таусылған қария тиісті орындарға хабарласса да, көңіл көншітерлік жауап ала алмапты. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: ВАлентина Гуляева ТИТР: Марьянаның әжесі Кеше тағы хабарластым, осыған дейін олар балабақша ақпан аяқталғанша реттеледі деген еді, бұл жолы телефон көтерген бір бойжеткен ғимараттың тиісті құжаттарының аяғына дейін рәсімделмегенін, тіпті тіркелмегенін де айтты. Тіпті балабақшаның мамыр айының аяғына дейін жұмыс жасамайтынын да сыпайы түрде ескертті.)) Бұл ғимарат Премьердің пәрменімен білім басқармасының қарамағына берілген еді. Жыл соңында Оралға іссапармен келген Кәрім Мәсімов бұл балабақтың ашылуына өзі тікелей қатысты. Вольдорф бағытында оқытатын гимназия мен Бөбектер үйінің қысқа уақыт ішінде балабақшаға айналып шыға келгеніне алдымен ата-аналар қуанған еді. Екі аптаның ішінде ғимараттың адам танығысыз қылып өзгертіп берген құрылысшылар да алғыстан кенде қалмады. Бірақ, бұл асығыстықтың зардабын тағы да ата-аналар тартып отыр. Самиголла Сулейменов ТИТР: Қалалық білім бөлімінің инженері Бұл ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған, сондықтан, ешкім де бұл жердің қауіпсіз екендігіне жауап бере алмайды. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, құжаттар заңды түрде толығымен рәсімделген соң ғана, балабақша жұмыс жасайды деп ойлаймын. Әзірге, бұл туралы айту ертерек.)) Президент пәрменін орындау құптарлық іс. Бірақ, толығымен жөнделмеген балабақшаны пайдалануға берудің кім үшін тиімді болғаны түсініксіз? Ебін тапқан білім басқармасы осылайша, облыс басшылығы ғана емес, премьердің өзін де алдап соғып, айласын асырып отыр. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||