Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 266    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
7 Наурыз, 2010 07:19 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

7 наурыз


1854 жылы Іле өзенінің маңынан Верный бекiнiсi салынды. Бүгін «Әлем корпусы» күні. ХХ ғасырда «әйелдер физикалық жағынан автомобильді жүргізіп, басқара алмайды» деген түсінік қалыптасты. 1876 жылы Александр Белл телефонды патенттеді.

1854 жылы Іле өзенінің маңынан Верный бекiнiсi салынды. Бүгін «Әлем корпусы» күні. ХХ ғасырда «әйелдер физикалық жағынан автомобильді жүргізіп, басқара алмайды» деген түсінік қалыптасты. 1876 жылы Александр Белл телефонды патенттеді.

1854 жылы Іле өзенінің маңынан Верный бекiнiсi салынды. Сөйтіп, Үлкен және кiшi Алматы өзендерiнiң бойынан үлкен және кiшi Алматы станциялары бой көтердi. 1867 жылдың 11 сәуiрiнде Азиялық облыстардың құрылыс iстерi жөнiндегi төтенше Комитетiнiң баяндамасы бойынша Верный бекiнiсiнiң атын Алматы қаласы деп ежелгi атауымен атауға келiседi. Алайда, Далалық комиссияның сол жылғы баяндамасы бойынша Верный қаласы деп аталады. Ал, 1921 жылдың 5 ақпанында облком мен Кеңес өкiметiнiң бұйрымен Верный қаласы Алма-Ата деген атауды иелендi.

Бүгін «Әлем корпусы» күні. Бұл мекеме 1961 жылы АҚШ президенті Кеннедидің бастамасымен құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты дамыған елдердің алдында АҚШ-тың мәртебесін көтеру еді. «Әлем корпусының» негізінде ол елдерге техникалық білім беру және үйрету мәселелері көтерілді. «Әлем корпусында» өз еркімен жұмыс істейтіндер барлық елдерде болмашы ғана еңбекақыға жұмыс істейді. Олар Қазақстанда да бар. 100-ден астам американдықтар бес облысқа кіші және агробизнеске көмек көрсету мақсатында жұмыс істеуде. Олар, сондай-ақ, ағылшын тілінен университеттер мен мектептерде, академияларда сабақ береді.

ХХ ғасырда «әйелдер физикалық жағынан автомобильді жүргізіп, басқара алмайды» деген түсінік қалыптасты. 1908 жылы бұл туралы Американың Цинциннати қаласының мэрі мәлімдеген еді. Алайда қазіргі кезде әйелдер бұл пікірді теріске шығарды, бірақ әйел-жүргізушілерге сақтықпен қарау психологиясы әлі де сақталған. Шындығында рөлде отырған еркектерге қарағанда әйелдер көлікті өте ықыласпен, өте сақтықпен жүргізеді екен. Мысалы, Италияда әйелдер еркектерге қарағанда жол-көлік оқиғасына 7 есе кем түседі екен.

Телефонның жүргізушінің көңілін басқа жаққа аударып, қайғылы жағдайға ұрындыру қаупі зор. Алайда телефонды ойлап тапқан Александр Беллге көлікте кетіп бара жатқан адам телефонмен сөйлеседі деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген болар. Өйткені ол кезде автокөліктер де жоқ болатын. 1876 жылы Александр Белл телефонды патенттеді. Өнертабысы үшін ол Вольт сыйлығына ие болды. Телефон пайда болған соң 50 жылдан кейін алғаш рет радиотелефон арқылы Лондон Нью-Йоркпен сөйлесті.

1857 жылы белгілі австриялық психиатр Юлиус Вагнер-Яурегг дүниеге келді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3931 & 14 Сұрау