|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
8 наурызБүгін әйелдер күні. 1971 жылы Мұхаммед Әлидің профессионалдық рингтегі ең алғашқы жеңілісі болды. 1952 жылы Филадельфиядағы Пенсильван госпиталінің дәрігерлері «жасанды жүрек» аппаратын алғаш рет қолданды. 1910 жылы Англиядағы Корольдік аэроклубы ұшқыш күәлігін ең алғаш рет Чарльз Муру-Брабазонға берді. Бүгін - Әйелдер күні. Әйел адамзаты бір жарым ғасыр бойы өз құқығы үшін күресіп, көпке жеткен. Ал БҰҰ оларға қоғамда жеңілдік жасау мақсатында 1975 жылы 8-наурыз күнін әйелдер құқығын қорғау халықаралық күні деп жариялады.Ал біздің елімізде 1965 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мейрам болып саналады. Сіздің қалаңыздағы әйелдер қандай жетістікке жетті?. Сіздің қалаңызда жыныстық дискриминациялау кезі болды ма?. Мысалы: жұмысқа қабылдаған кезде? Ал егер бұл туралы айтқыңыз келмесе, онда сіздің қалаңыздағы ер адамдар бүгінгі күнге әйелдерге арнап не істеді? 1857 жылы 8 наурызда тура 145 жыл бұрын Нью-Йорк қаласында әйелдердің қарсыластық маршы өтті . Оның себебі еңбек ақысының төленбеуі және жұмыстағы жағдайлардың нашар болуы. Ал 1914 жылдың 8 наурызында Петербург қаласыңда 12 мың экземпляры бар «Работница» журналы шықты. Журнал бара-бара өзінің большевистік-партиялық бағытын жоғалта бастады. Ол 60 жыл ішінде өз тиражын 1000 есе көбейтті және әйелдер арасында қазіргі уақытқа дейін әйгілі журнал болып қала берді. Біздің еліміздің теңіз-әскери флоты үшін бұл күн өте қайғылы. 1968 жылы Тынық мұхитында К-129 кеңестік су астындағы кемесі батып кетті. Экипаждың 98 адамы қайтыс болды. Сол уақытта мұндай апаттарды ресми жарияламаған. Тек 1992 жылы бұл жайлы ашық айтылды. 1993 жылдың 8 наурызыңда Гемпширде ( Англияда) 1400 жыл өмір сүрген мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш солды. 1988 жылы 8 наурызда АҚШ да телехикаялардың сценаристері еңбек ақыларының жоғарлауын тілеп қарсыластық көрсетті. Даллас және Династия деген әйгіл телехикаялардың шығуы да мұндай қауіп қатерге ұшырады. 1971 жылы Мұхаммед Әлидің профессионалдық рингтегі ең алғашқы жеңілісі болды. 15- раундық сайыста ол ұпай бойынша Джо Фрезерге жеңілді. Фрезер әлем чемпионы болып атанды. Бірақ Әли 4 жыл бұрын әскерге бармаған үшін чемпион атағынан айырылған ол 1975 жылы Фрезерден реванш алады. 1952 жылы Филадельфиядағы Пенсильван госпиталінің дәрігерлері «жасанды жүрек» аппаратын алғаш рет қолданды. Бұл аппарат 41 жастағы Питер Дьюригке 80 минут қуат берді. Ал бұл уақытта 9 дәрігер, 5 медбике және 2 техник Питер Дьюригтің жүрегін тоқтатып, оның ауруының себебін анықтады. 1910 жылы Англиядағы Корольдік аэроклубы ұшқыш күәлігін ең алғаш рет Чарльз Муру-Брабазонға берді. Ал Францияда мұндай құрметке Элиза Дерош ие болды. Ағылшын осыдан кейін лорд атанды, ал Элиза Дерош баронесса атағын алды. 1618 жылы 8 наурызда неміс астраномы Иоганн Кеплер өзінің планеталар қозғалысы туралы үшінші заңын тұжырымдады. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||