Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 260    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.71 Қайдан 7 Дауыстар   
10 Наурыз, 2010 09:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Суыт қоңырау


Орал қаласындағы нөмірі 9-мектепке жарылғыш құрылғы қойылған. Бұл суыт хабарды естіп, дүрліккен барлық құзырлы органдар аталмыш білім ордасын шұғыл тексеріп шықты. Бұл дабыл апаттан құтқару қызметіне түс кезінде келіп түскен. Қазір осы қоңырау ізімен жарылғыш құрылғыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Назар аударалық.

Мектепке жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы суыт хабар түс әлетінде келіп түсіпті. Қауіпті мекенге дер кезінде келіп жеткен мамандар оқушылар мен мұғалімдер қауымын шұғыл түрде сыртқа шығарады. Санаулы минуттардың ішінде 600-ге тарта адам басқа жерге көшіріліпті. №9-мектепке жапсарлас бөбекжайдың балдырғандарын да түскі тәтті ұйқыдан оятуға тура келіпті. Ал оқушылар сабақтың не себептен тоқтатылғанын білмей дал.
((СИНХРОН ХР 00:00:20
ТИТР: оқушы
Мен білмеймін, не болғанын?))
Суыт дабылдың кесірінен екінші ауысымда жүргізілер сабақ тоқтатылды. Тәртіп сақшылары мектепті айналдыра қоршап, бейсауат жүргіншілердің қозғалысын қадағалауға алды.
((СИНХРОН ХР 00:00:20
ТИТР: Елена
Суыт қоңырау түскі сағат он екілер шамасында келіп түсті. Осы дабыл ізімен апаттан құтқару жасағы, өртке қарсы арнайы топ, өзге де құзырлы орган өкілдері жедел келіп жетті. Мектеп ішін шолып шыққанда ешқандай жарылғыш құрылғы табылмады. Қазір ғимарат иісшіл иттермен тексеріліп жатыр. Әзірге, күдікті ештеме байқала қойған жоқ. Сондықтан, бұл жалған қоңырау болған деген ұйғарым жасап отырмыз. Ал болған істің анық-қанығын іздестіру-терге шаралары біткен соң ғана толығымен нақты айта аламыз...))
Бірақ, 9-мектеппен іргелес орналасқан №5-мектепте сабақ тоқтатылған жоқ. Оқушылар тіпті бұл жайттан бейхабар тәрізді.
((СИНХРОН ХР 00:00:10
ТИТР: кадрде
мектепке бомба қойылғаны туралы айтқан адамның кім екені белглі болды.))
Кейін осы мәліметті ұсынған тәртіп сақшылары қоңырау шалушының мектеп оқушысы болуы мүмкін екендігін де жасырмады. Бұл дерек расталса, онда оның әке-шешесі айыппұл төлейді. Әбігерге түскен құзырлы органдарға келген шығын шамамен жарты миллион теңгеге бағаланып отыр. Құтқару жасағын әуреге салған мұндай оқиға осыдан бір апта бұрын №5-мектепте орын алған еді. Ғимарат ішіне тараған улы газдың кесірінен 24 оқушы зардап шеккен болатын.
________________________________________

Студия: Г/Президент
Автор:Еркiн Карин


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4986 & 14 Сұрау