Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 297    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
10 Наурыз, 2010 09:51 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Пәтерлі болудың жаңа жүйесі


«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін жағымды жаңалық. 2011 жылы тұрғын - үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы елімізде 745 пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ, мемлекеттік бағдарлама әзірге, 3 облыста жүзеге асырылмақ. Бір айта кетерлігі - баспанаға тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана қол жеткізе алады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін жағымды жаңалық. 2011 жылы тұрғын - үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы елімізде 745 пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ, мемлекеттік бағдарлама әзірге, 3 облыста жүзеге асырылмақ. Әйтсе де, бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде бұл тізімге кірмей қалған облыс әкімдері мұндай жоба барлық аймақты қамтуы тиіс ,- деп өз ұсыныстарын білдірді. Пәтерлі болудың жаңа жүйесі жайында Астанадағы меншікті тілшіміз Ербол Сейілхан әңгімелейді.

МӘТІН: Кісі есігінде күнелтіп жүргендерді баспанамен жарылқайтын тың жоба әзірше, Астана, Алматы, және Ақтөбе облыстарында биылдан бастап іске асырылады. Ал 745 пәтерлік тұрғын үйді салуға республикалық бюджеттен 7,7 млд теңге бөлінбекші.

СНХ: СЕРІК НОКИН - ҚР ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН - ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ

МӘТІН: Жаңа бағдарламаға сәйкес 1 шаршы метр үйдің құны Алматыда 142, Астанада 121, ал Ақтөбеде 90 мың теңгеге бағаланып отыр. Бір айта кетерлігі - баспанаға тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана қол жеткізе алады.

СНХ: НҮРБИБІ НАУРЫЗБАЕВА - ҚР «ТҰРҒЫН-ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ

МӘТІН: Ал селекторлық кеңесте байланысқа шыққан әкімдер мемлекеттік бағдарлама барлық аймақтарды қамтуы тиіс,- деп өз өтініштерін білдірді. Ұсынысты қолдаған премьер, нақты шешімін 12 наурыз күні облыс әкімдерінің қатысумен өтетін жиында жариялауға уәде берді. Өйткені, жобаны барлық өңірде бір мезетте жүзеге асыру үшін 27 млд теңге қажет.

ИНТЕРШУМ...

МӘТІН: Үкімет отырысында бұдан - бөлек салынып бітпеген нысандардың мәселесі де, қаралды. Тоқтап қалған 132 сақалды құрылыстың 112-сі биыл бітуі тиіс. Ал үлескерлердің проблемасын толық шешу үшін қыруар қаржы қажет. Жұмсалатын қаражатты Мәсімовтың өзі есептеуге көшті .

Интершум...70-80 млд да нужно

МӘТІН: Индустриалды инновациялық бағдарламаның әзірлену жайы бүгін де назардан тыс қалған жоқ. Алайда, кешегі мерекенің әсері болар, отырысқа бірсыпыра жауапты шенеуніктер дайындықсыз келіпті. Премьер оларды қатаң сынға алды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7847 & 14 Сұрау