|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Ауыз судан тарыққан тұрғындарАмалсыздан көрші көшелерге қатынап, су тасуға мәжбүр болған тұрғындардың жанайқайы туралы тілшіміз Бағдад Ізмағанбеттің бейнематериалында. Дәулет аға күн сайын азаннан Баян сұлу көшесіндегі колонкаларын аралап, әлекке түсем дейді. Қазақ ауылы ауданындағы ұзын көшенің соңы Орал тауының жотасына барып тіреледі. Мұнда орнатылған 3 колонканың тек біреуі ғана жұмыс жасайды. Бұл көшеде судың болмағанына екі айдан асыпты. Бұл - тек Баян сұлу көшесінің ғана емес, жалпы Зашағанның проблемасы. Қыс мезгілінде аяздан қатып қалатын су құбырларының мүшкіл халіне жергілікті әкімдік, тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Елтай Жаманғарин: Олар өздері неге фуфайкамен жаппайды. бетпе бет: ..Елтай аға қайдағы фуфайка? дейді....)) Зашағандағы су мәселесіне жауапты - Орал су арнасы мекемесінің №6 бөлімшесі. Мамандар сөзінше әу бастан орнатылған калонкалардың сапасы өте төмен көрінеді. Алберт Қонақбаев: Орал су арнасы мекемесінің №6 бөлімшесінің директоры: Калонкалардың көбіне жұмыс жасамайтындығына себеп болып отырған олардың дұрыс орнатылмағандығы. Тағы бір атап өтер жәйт көбіне тұрғындар өздері ауыз су алатын орынды күтіп ұстамайды. Сапасы сын көтермейтін құбырлардың көбіне қыста істен шығатыны да содан. Қазір қарауымда 9-ақ адам жұмыстануда, олардың барлығы істен шыққан калонкаларды уақытында жылдам жөндеуге қауқарсыз.)) Өткен жылы Зашағанға 2000 кубтық резервуар су құбырлары Шаған өзенінен тартылған болатын. Қазір 35 мың халық мекен еткен кенттік округ ауыз сумен толығымен қамтылып отыр. Зашаған әкімі Елтай Жаманғарин мырзаның сөзінше, халықтың өзі жасалған жағдайдың қадірін білер емес. Егер колонкаларды күтіп ұстағанда мұндай мәселе болмас еді дейді ол. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||