|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Мереке күні 12 сәби дүниеге келдіОлардың 5-і ұл, 7-і қыз бала. Өмірге сәби әкелген аналарды партия мүшелері қуаныштарымен құттықтады. Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады дейтін қазақтар отбасына жаңа мүше қосылса, ас та төк қуанышқа бөленеді. Семей қаласында 8-наурыз халықаралық аналар мерекесі күні 12 жанұяға жақсы хабар жеткізіп, сүйінші сұрағандар көп болды. Өз туғандарын жағымды жаңылықпен қуантқандардың бірі - Әсия Әубәкірова. Қаламыздағы орта арнаулы оқу орындарының бірінде ұстаздық қызмет атқаратын Әсияның бұл нәрсетесі тұла бойы тұңғышы екен. СНХ Әсия Әубәкірова жас ана №1 перзентханада дүние есігін ашқан 5 нәресте анасының қуанышымен бөлісуге келген "Нұр Отан "ХДП Семей қалалық бөлімшесі, қалалық мәслихат депутаттары мен әкімшілік өкілдері жүрекжарды құттықтауларын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды. Интершум Перзентхана дәрігерлерінің айтуынша, дүниеге келген сәбилердің де, олардың аналарының да денсаулықтары жақсы. Ал аналар болса, өздеріне арнайы келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. СНХ Әсия Еліміздегі басты партияның алға қойған 26 жобасының өзіндік негізгі мақсаты бар. СНХ Рауан Қалиев "Нұр Отан" ХДП Семей қ филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Елдің болашағын ойлаған партияның бұл бастамасы құптарлық. Жылдар өтіп, уақыттар ауысқанда осы сәбилер еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар болып өседі. Өйткені олардың болашағы жарқын. Ермек Исабаев, Дидар Қоқанов ШАБ
Последние новости рубрики
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту
30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру 30.07 (10:22) Келендік одақ 30.07 (10:18) Шайынды судың әлегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||