|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
11 наурыз1931 жылы КСРО-да «КСРО-ны қорғауға және оған еңбек етуге дайынмын» атты бүкілодақтық денешынықтыру комплексі қабылданды. 1985 жылы Михаил Сергеевич Горбачев КОКП ОК бас хатшысы болып тағайындалды. 1998 жылы Үндістанда әлемдегі ең ұзын кактус анықталды. 1669 жылы Италияда Этна вулканы атқылауды бастады. 1931 жылы КСРО-да «КСРО-ны қорғауға және оған еңбек етуге дайынмын» атты бүкілодақтық денешынықтыру комплексі қабылданды. Ол жылдар өте келе елдегі жаппай дене тәрбиесінің негізіне айналды. Комплекске спорттың гимнастикалық жаттығулар, ұзақ және қысқа қашықтыққа жүгіру, биіктікке және ұзақтыққа секіру, көздеу, жүзу, шаңғы жарысы немесе веложарыс түрлері кірді. Жігіттер, сондай-ақ дәл тигізуден сынақ өткізуге тиіс еді. Алайда бұл сынақты тапсырудың ешқандай пайдасы болмады, жігіттер үшін ол қинау мен міндет сияқты ғана болып көрінетін. Аталмыш комплекс 1991 жылы күшін жойды. Бірақ Қазақстан бүгінде салауатты өмір салтын қолға алғаннан кейін, бұл комплекстің маңызы артты. 1985 жылы Михаил Сергеевич Горбачев КОКП ОК бас хатшысы болып тағайындалды. «Жариялылық» пен «қайта құру» сөздері тез арада Ресейдің сөздік қорына еніп, елдің жаңа тарихы басталды. Ресей халқының КСРО-ның соңғы басшысына деген көзқарасы әртүрлі. 2000 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде, Ресейліктердің 42 пайызы Горбачевқа жағымсыз пікірде екені анықталды. 1941 жылы АҚШ Конгресі ленд-лиза жөніндегі заңды қабылдады. Онда гитерге қарсы одақтас елдерге көмек қолын созу мәселесі қаралған. Ленд-лиза заңы бойынша КСРО АҚШ пен Ұлыбританиядан көп көмек алды. Атап айтсақ, паравоздар, жанар-жағар май, байланыс құралдары, сондай-ақ 400 мың автокөлік, 19 мың ұшақ, 11 мың танкі, 10 мың құрал-сайман, 132 мың пулемет. Бұл заттар елдің қажеттілігін қанағаттандырған жоқ, әрине, бірақ бұл әрекет материалдық құндылық қана емес, фашистік Германияны жеңу үшін үлкен моральдық демеу болды. 1998 жылы Үндістанда әлемдегі ең ұзын кактус анықталды. Бұл алпауыттың ұзындығы 18,5 метрге дейін жетеді екен. Әлі күнге дейін планетамызда кактустың қанша түрі бар екені белгісіз. Әзірше үш мың түрі бар деген дерек бар. Олар көбіне Американың қуаң жерлерінде өседі, ал кейбір кактустар сулы жерлерде де өзін жақсы сезінетін көрінеді. Бұл өсімдіктің көп түрлілігі адамдарды әлі күнге дейін таң қалдырып келеді. Алғаш рет датасы қойылған жазба бойынша, 1570 жылдары Еуропада аталмыш өсімдік коллекцияланған екен. Кактус өсірушілердің отаны – Мексика. Біздің бөлмелерімізде өсіп тұратын кактустардың саяхатшылар ол жақта түр-түрін және үлкен көлемдегілерін көре алады. Мексикада ені бірнеше метрге жететін дөңгелек пішінді кактустардың биіктігі бір жарым метрге дейін барады. Мұндай ірі кактустар 200 жыл өмір сүреді. Олардың салмағы пілден екі есе артық болады екен. Оның салмағының ¾-ін кәдімгі су алады. Яғни тек оның бойындағы судың салмағы кейде 2 тоннадан асады деген сөз. 1669 жылы Италияда Этна вулканы атқылауды бастады. Ол сол жылдың шілде айына дейін жалғасты. Кейбір деректер бойынша одан 20 мың адам қаза болған, ал екінші деректер бойынша, қаза болғандар саны 60 мыңнан 100 мыңға дейін жетеді. Өзенше аққан көшкін 50 қаланы басып кеткен. Этна вулканы Сицилия құрлығына орналасқан. Жергілікті тұрғындар оны «Монгибелло», яғни «таулардың тауы» деп атайды. Этна шынымен де өзінің үлкендігімен ерекшеленеді, оны теңізден қарасың анық байқауға болады. Ол бір ғана тау емес, тау сілемі. Оның ауданы 120 шаршы метр. Ал айналасы 200 километрге дейін барады. Атқылғаннан соң вулкан тағы 50 метрге өсті, қазір оның биіктігі 3300 метрге жетті. 1996 жылы Малайзияның астанасы Куала-Лумпуреда әлемдегі ең биік көп қабатты зәулім үй бой көтерді. Оның биіктігі 452 метр. Оны Шон Коннери мен Кэтрин Зета-Джонс ойнаған «Тұзақ» фильмінен көруге болады. 1972 жылы прокурор Пальма-де-Майорки 22 жастағы хат тасушы Габриэл Марчуды 384912 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, яғни 42768 жеткізілмеген хаттың әрқайсысына 9 жылдан. 1942 жылы Англияда соғыс кезінде ақ нан өндіру тоқтатылатындығы мәлімденді. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||