Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 433    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 3 Дауыстар   
11 Наурыз, 2010 13:44 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жасөспірімдер арасында топтық қылмыс 8,9% өскен


Полицейлердің жұмысы көңіл көншітерлік емес. Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстың белең алуы прокуратураны да алаңдатып отыр. Облыстық прокуратурада өткен алқалы жиында жастар арасындағы қылмыстың жиілеуі кеңінен талқыға түсті. Айта кетелік, әсіресе, топтасып жүріп қылмыс жасау дерегі жиілеген.

Өткен жылы құрамында 197 мүшесі бар 50 қылмыстық топ 122 қылмыс жасаған, осы істің 69-ында ересектердің қатысы бар екені анықталды. Бүгінде тәртіп сақшылары 600-ден астам жігітті есепке алған. Бұлар қылмыс жасауға бейімділігін көрсеткен тентектер болып отыр. Қылмыстың тең жартысы оқушылар мен студенттер қолымен жасалады екен. Бұл оқу орындарындағы полиция инспекторлары жұмысының әлсіздігінің дәлелі, өз кезегінде полицейлер бұған ата-аналардың салғырттығы себеп деп жауаптан жалтарса, қадағалаушы орган тәртіп сақшыларының жұмысын сынға алды.
Байтұқбаев
прокурор
- Жасөспірімдер арасында топтасып жасалған қылмыс 8,9% өсіп отыр. Бұған басты себеп отбасында дұрыс тәрбиенің берілмеуі және отбасының тұрмысы төмендігін айтуға болады. Полиция қызметкерлерімен алдын алу шаралары жиі жүргізілсе де, әзірге нәтижесі шамалы. Жастар арасындағы қылмыстың көбеюін мектептегі полиция инспекторларының жұмысының жеміссіздігімен байланыстыруға болады. Олар жастарға тиісінше ықпал ете алмайды. Осыдан келіп, жүгенсіз кеткен жастар қылмыстарға жиі бой ұрады.))


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7115 & 14 Сұрау