Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 325    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
11 Наурыз, 2010 13:58 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Қанттың бағасы тағы құбылды


Осыдан бірер апта бұрын Орал қаласында қанттың келісі 170-175 теңге болған еді. Ал күні бүгін осы өнімнің құны қымбаттап отыр. Ас атасы наннан да қымбат өнімнің бағасының неге шарықтағаны туралы тілшіміз әңгімелейді.

Қант бағасы тұтынушыларды қанағаттандырмай отыр. Базарлардағы азық-түлік бағасының мұншалықты құбылуына не себеп болып отырғаны әзірге белгісіз. Сатушылар болса бұл мәселеге көтерме сауда нүктелеріндегілер кіәнәлі екендігін айтады.
((В КАДРЕ: сатушы: Біздер емес бағаны белгілейтін, оптовкадан алған баға тек 5-10 теңге қосамыз...))
Қазіргі таңда қант өнімінің 1 келісі көтерме сауда орындарда орта есеппен 180 теңге болса, базарларда бұл баға 190 теңгені құрайды. Демек бағаның соншалықты өспегенін аңғаруға болады. Алайда кей бір дүкен сөрелерінде қант бағасы 200-240 теңгеге дейін жеткен. Бұл жәйт тұтынушылардың наразылығын туғызуда.
((В КАДРЕ: Блицтар: екі апай....ой неге қымбат? Менде пенсия жетпейді т.б))
Бағаның аспандауына не себеп болды сонда? Осыдан бірер апта бұрын келісі 175 теңгені құраған қант бағасы қазір 20-25 теңгеге қымабсып отырған түрі бар. Алайда облыстық манаполияны реттеу агенттігінің мамандары қант бағасының қалыпта екендігін айтуда. Ал шағын азық түлік дүкендерінің бағаны көтеруіне тосқауыл бола алмаймыз дейді манаполияға қарсы агенттік инспекцйиясы бастығының орынбасары Мәлік мадияров.
((В КАДРЕ: Мәлік Мадияров: ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің "манаполияға қарсы агенттік"ақтөбе және БҚО бойынша өңіраралық инспекциясы бастығының орынбасары.....))
Бағаны базарлардан емес, дүкендерден бақылаған жөн деп орталықтағы бірер сауда орындарына барған болатынбыз. Дүкендердегі қант бағасы аса шарықтамасада орта есеппен 210-230 теңгені құрайды. Саудагерлер бұлайша бетімен кететін болса, жуық арада қанттың бір қабы 10 000 теңгеге жетуі ғажап емес. Бұл орайда тұтынушыларға айтарымыз қаладан арзан қант тапқыңыз келсе дүкендерден емес, базарлардан іздегеніңіз абзал болар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4946 & 14 Сұрау