|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Ана сүтіАл денсаулық сақтау басқармасының өкілдері тиісті жерге тез хабарласса, бұл мәселені шешуге болатынына сенімді. Келесі бейнематериалда толығырақ. 7 айлық Рома - уызына жарымаған бөбектердің бірі. Үйде әзірленіп, құтыға құйылған жасанды сүттің дәмі бүлдіршіннің таңдайына татыған түрі бар. Ал ата-анасы дәрігерлер санап берген құрғақ қоспаларды келер айға дейін қалай жеткізерін білмей бас қатыруда. Ольга ТИТР: қала тұрғыны - Желтоқсан айында барғанымызда бізге бергені небары екі пакет сүт қана берді. Айтқандары осыны бір айға жеткізесіңдер. Өйткені, қазір қалада сүт тапшы. Бұған қарсылығымызды білдіргенде, қазір көптеген жас аналардың аурушаң екендігін айтып, сүттің оларға да бөлінетінін жеткізді. Біз бұл уәжге ештеме дей алмадық.)) Баласын сүтке жарытпаған Ольга ай сайын арнайы қоспаны тұрақты алып тұрыпты. Жыл соңында бұл қоректің де саны шектеулі екендігін айтқан мамандар тарыққан отбасыны шөміштен қаққан түрі бар. Анатолий ТИТР: әкесі - Денсаулықсақтау басқармасына барғанымызда бізге айтқаны сүтті үнемдеуге тырысамыз деді, құрғақ қоспаларды тарататын бөлімнің үстінен қарайтын басшыларына барғанымызда да бізге айтқаны осы болды. Қазір баламызға қолда бар ұнтақты үнемдеп береміз. Басқа амал жоқ...)) Бұл қоспалар бекітілген талапқа сай таратылады. Егер жас ана ВИЧ немесе туберкулез секілді жұқпалы ауруға шалдықса, баласының қауіпсіздігі үшін арнайы қоспа беріледі. Бұл қорек бөбек 1 жасқа толғанша таратылады. Дүние есігін жаңадан ашқан оралдық 10 мың сәбидің 70 пайызы ана сүтімен қоректенеді. Ал қалған 30 пайызына аралас қоспалар беріледі. Бұған басты себеп - жас аналардың аурушаңдығы, баласын сүтке жарытпауы болып отыр. Мамандар мұның себептерін де ашып айтты. Мұндай қоспалар қазір қаламызда да дайындалады. Бұл іске жергілікті бюджеттен 118 млн.тг бөлініпті. Бұл қаржыға 187 500 қалбыр сүт алынады. Ал өткен жылы бұл іске бөлінген ақша екі есе аз болған. Айта кетелік, Нарине мен Нәрестелер тегін кепілдендірілген дәрігерлік көмек аясында тегін таратылады. Ол үшін дәрігердің арнайы рұқсатын алса болғаны. Ал жоғарыдағыдай сүттен тарыққан отбасылар болса, денсаулықсақтау басқармасына арнайы барып, жағдайын түсіндіргені жөн. Последние новости рубрики
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту
30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру 30.07 (10:22) Келендік одақ 30.07 (10:18) Шайынды судың әлегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||