|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Баспанаға зәру қарт анаБірақ, бұл халық нақылы келесі сюжетіміздің кейіпкеріне қатысты айтуға келмейді. Соғыс ардагерінің жесірі, 30 жыл бойы халық ағарту саласында еңбек еткен Сағира Нықышева бүгінде жатақхананың бір бөлмесін мекен етуде. Балалары науқас қарт ұстаз жөні түзу баспанаға зәру, ал тиісті орындар осындай санаттағы жандардың жүздеп саналатынын айтып отыр. Қазір әжей 84 жаста, көзі де нашар көреді, алатын зейнетақысы дәрі-дәрмектен артылмайды. 1926-жылы туылған қария өмірдің бар қиындығын бастан өткеріпті. Отан соғысы кезінде неміс тілін оқытқан. Бұрынғы Чапай ауданындағы Ленин колхозында еңбек еткен ол халық ағарту саласында отыз жыл бойы тер төгіпті. Қазір сол күндер қарт мұғалима үшін естелік болып қалды. Үйден үміттілер іріктелген кезекке қария осыдан он жыл бұрын тұрыпты. Бірақ, тізімнің көлемі жыл санап ұлғаюда. Жылжып жылдар өткен сайын баспаналы болам деген үміт те семіп барады. Әжейдің ендігі арманы - қала басшылығының қабылдауында болып, мұңын шағу. Агрыс тасимова ТИТР: қала тұрғыны - Әжеміздің елге еңбегі сіңген адам. 6 баланың анасы. Олардың үшеуі мүгедек. Осы қиындыққа бой бермей, бағып-қағып өсірді. Ғұмырлық қосағы да соғыс ардагері, осыдан біраз уақыт бұрын құрт ауруынан көз жұмды. Осы жағдайларды ескере келгенде қарияға баспана берілуі тиіс деп санаймын.)) Қазір пәтер алмақ болғандар қатары бір емес, бірнеше мыңдап саналады. Үйден үміттілер өз кезегі келгенше күтуі тиіс. Махамбет ТИТР: ТҮКШБ және АЖ сектор меңгерушісі - Қазір 600 адам бар кезекте тұрған, обшым, барлығы 5 мыңнан асады... Әжей күтуі керек...)) Мамандар дерегі осындай, ал қазір қаламыздағы коммуналдық үйлердің салыну қарқыны баспанаға зәру тұрғындардың мұқтаждықтарын өтей алмай отыр. Ал Сағира әжей ертеңнен үмітін үзер емес. . Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||