|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
“Жер сағат-2010”Қазақстанның ірі мемлекеттік және әлеуметтік нысандары 27-наурызда бір сағатқа жарықсыз қалады. Осылайша, еліміз “Жер сағат-2010” деп аталатын халықаралық акцияға қосылады. Бұл бастаманы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдап отыр. Ал Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың үлкен нысандарын жарықтан ажырату жағын әзірлеуге тапсырма берген. “Жер сағат” акциясы кезінде “Бәйтерек” монументі жарықсыз қалады, елорданың жүздеген нысанында жарық болмайды, оның ішінде “Ақ орда”, Жоғарғы соттың ғимараттары, Тәуелсіздік сарайы бар. Ал Алматы әкімі Ахметжан Есімов Көктөбе мұнарасындағы жарықты, қалалық әкімшіліктің, басқа да қалалық нысандардың жарықтарын сөндіруді әзірлеуге тапсырма берді. Сонымен қатар, Ақтау, Орал, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, қалалары да бұл шараға әзірленуде. Акцияға барша азамат қатыса алады, ол үшін 2010 жылы 27-наурызда 20 сағат 30 минуттан бастап 21 сағат 30 минутқа дейін үйде, офисте жарықты бір сағатқа сөндірсе болғаны. Асқар Құлшаров ТИТР: тәуелсіз директор Бұл бастама игі мақсатты көздесе де, біздің компания электр қуатын ажыратып тастауды көздеп отырған жоқ. Өйткені, бір реттік шара арқылы еш нәтиже болмасы анық. Электр қуаты акция өткізілетін күні бұрынғыша үзіліссіз беріледі. Ал электр қуатын үнемдеуге келер болсақ, жарықты бір сәт өшірумен шектелмей, басқа да жолдарын қарастыруға болады ғой...)) Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||