|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Тәртіптік кеңестің кезекті отырысыТақырыпты тілшіміз тарқатады. Бұл жолғы жиында 9 мәселе қаралды. Әрқайсысы түрлі аудан мен түрлі салаға өкілдері болғанымен, тәртіпке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында жіберілген олқылықтары ортақ. Барлығы да ар-намыс кодексін аяқасты қылып, қызметіне жауаптылық танытпаған. Тіпті, қызмет бабын асыра пайдаланып, жұмысшылардың жайын ескермеген. Мұндай заңбұзушылықтар жиі байқалған аудандар қатарында Теректі ауданы көш бастап келеді. Аудан әкімінің уәжіне сүйенсек, бар бәле Асқарова есімді азаматшаны қызмет бабынан заңсыз босатудан басталған. Ал аудан әкімі бұл жайтты өзінің тым сенгіштігімен түсіндірді. Оның айтуынша, жұмыстан босату жөніндегі құжатқа ол көзді жұмып отырып, қол қойған екен. Бұл жолы аудан әкімінің аппараты қызметкерлері ескертумен құтылды. Мұндай заңсыздыққа бой алдырған мемлекеттік қызметшіні қызметінен қууға да болады. Сондықтан, дәл осындай келеңсіздік тағы да қайталанса, аудан әкімінің орынбасары жұмысынан шығарылатын болады. Әкімдердің көңілшектікке бергісіз сенгіштігі салдарынан қарапайым азаматтардың құқы аяққа тапталып, сыбайлас жемқорлыққа бой алдыратын жағдайлар барлық аудандарда кездеседі екен. Бір қызығы, айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады демекші, бар жауапкершілікті қызметкерлеріне ысыра салған аудан басшылары сүттен ақ, судан ақ болып шыға келеді. Бұл жолы кеңес мүшелері жазықтыларға сөгіс түріндегі жаза тағайындады. Ал келешекте бұл кемшіліктер қайталанар болса, айыптылардың қызметінен қуылуы да мүмкін. Последние новости рубрики
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым
03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 27.01 (11:36) Түрмеден босап шыққандарды қоғамға бейімдеу 27.01 (11:31) Орта білім жүйесіне батыстық жаңашылдық 26.01 (11:38) Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай режимі сақталуда 25.01 (11:14) Үкіметтегі ауыс-түйіс аяқталды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||