|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Ауылдық жерлерде мал ұрлығы жиілеп барадыМал ұрлығын кәсіпке айналдырған барымташыларға ай дейтін ажа, қой дейтін қожа табылар емес. Тіпті, учаскелік полиция инспекторларының өздері бұл қылмыспен күреске салғырттық танытып отыр. Қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартпақ болған олар тіпті жасалған қылмысты есепке алмайтын да көрінеді. Осыдан кейін ауылдықтардың полицияға деген сенімі азаяры анық. 592 бас малдың ұрланғаны туралы арыздар түссе де, олардың ішінен тек 168-і ғана есепке қойылыпты. Қосымша тексеру барысында тағы да 36 деректің жалпы іске ілінбей қалғаны мәлім болды. Мәселен, Қазталов ауданында - 36 бас ірі қара, Зеленов ауданында 26 бас, ал Шыңғырлауда - 20 бас жылқының қолды болғаны еш жерде есепке алынбаған. Мал қорадан ғана емес, жайылымнан да қолды болады. Бұл үшін ауыл малын күзетер жауапты іске жұмыссыз ауыл азаматтарын тартқан жөн. Аудан әкімдері бұл жұмыстың жасалғанын айтып ақталуда. Ал полицейлер қорадағы малына сенген ауылдықтардың қамсыздығын айтып кінәлайды. Ғайса ТИТР: Әкім - Ауыл малын бағатын бақташылар жоқ емес, бар, бұл қызмет үшін мал иесі әрбір басқа 300 тг көлемінде ақы төлеуі тиіс. Бірақ, осы ақшаны көпсінгендер қойы мен сиырын ауыл ішінде бос қоя береді. Үй баққан ұрылар осыны пайдаланады. Ақырында, 300 теңгесін аяған азаматтар малынан айрылып қалады. Ендеше, ұры алыстан келмегені анық...)) Ұрланған малды іздестіріп табу шаралары Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Тасқала және Зеленов аудандарында нәтижесіз аяқталып отыр. Мал ұрлығына жауаптылардың жауапсыз қалмайтынын қатаң ескерткен прокурор жиын соңында мал ұрлығын ашу шараларын күшейтуге тапсырма берді. Последние новости рубрики
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту
30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру 30.07 (10:22) Келендік одақ 30.07 (10:18) Шайынды судың әлегі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||