Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 97    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
12 Наурыз, 2010 10:22 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Су тасу қауіпі


Қала аумағын қардан тазалап, шайынды сулардан арылту ісі де кезек күттірмейтін мәселе қатарында. Бүгін қалалық әкімдікте бас қосқан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көктемге даярлық қамын талқылады.

Мамандар биылғы көктемде су мол болады деген болжам жасап отыр. Қазірдің өзінде төтеншеліктер өзен-көлдердің суға толатынын айтып отыр, бірақ, нақты мәліметтерді айтудан әзірге бас тартып отыр. Олардың айтуынша, өзен суларынан төнер қауіп жоқтың қасы, ал көшеде жиналған қар кенеттен еритін болса, жағдайдың қиындауы әбден мүмкін. ТКШ өкілдері жағдайдың бақылауда екендігін, әрі қаладағы қардың тәулік бойы тоқтамастан сыртқа шығарылып жатқанын айтады. Қазіргі күні "Асан" шағын ауданы аймағындағы арнайы орынға төгілген қардың көлемі 250 текше метрді құраған. Өкініштісі сол, көпшілік аудандарда қалдық судың құйылар арнасы қарастырылмаған, сондықтан да бұл аумақты жедел тазарту қажет.

Ал қала әкімінің орынбасары Владимир Дремасов оралдық эколог Энгельс Габбасовтың болжамымен таныстырды. Энгельс Габбасов ұзақ жылдардан бері ауа райын болжаумен айналысып келеді. Оның айтуынша, өңірімізде күн жылына жауын-шашынның мөлшері мол болмақ. Осыдан кейін Жайық, Елек және Деркөл өзендеріндегі судың деңгейі көтеріледі. Осы жағдайды негізге алған төтеншеліктер 900-ден астам отбасы тұратын саяжай аумағын бақылауға алып отыр.
Күннің жылынуы шамамен наурыздың 20-сынан соң біртіндеп байқалады, дейді мамандар. Бұл жағдайда қауіпті аймақ ретінде әзірге, Зашаған мен Деркөл ауылдық округтері қатерге ілігіп отыр.

Отырыс барысында айтылғандай, су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралар жайы осы аптаның аяғына дейін шешілуі тиіс. Өйткені наурыздың 18-і күні қатаң бақылау жұмыстары жүргізілмек, оның барысында шаһардың су тасқынына төтеп берер жағдайы толық тексерілетін болады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.9861 & 14 Сұрау Серверді жегу: 1.75