Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 466    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 2 Дауыстар   
12 Наурыз, 2010 10:29 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Татамиде дзюдошылар


Орал қаласында ҚР спорт қайраткері, самбо күресінің хас шебері, спорт ардагері Қамеш Исмағұловтың 70 жасқа толған мерейтойына орай дзю-до күресінен жарыс ұйымдасырылды. Айтулы шараның ашылу салтанатында мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетелік, Қамеш Исмағұлов самбо күресін өңірімізге алғаш әкелген жан.

Спорт жаңалықтары. ҚР спорт қайраткері, самбо күресінің хас шебері, спорт ардагері Қамеш Исмағұловтың 70 жасқа толған мерейтойына орай қалада дзю-до күресінен жарыс ұйымдасырылды. Айтулы шараның ашылу салтанатында мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетелік, Қамеш Исмағұлов самбо күресін өңірімізге алғаш әкелген жан. Оның шәкірттері облыстық, республикалық, қалаберді халықаралық жарыстарда топ жарып, ел намысын қорғауда.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Қамеш Исмағұловтың 70 жас мерей тойына орай ұйымдастырылған шараға облыстың барлық аудандарынан 100-ге жуық спортшы келді. Салтанатты шараға келген қонақтар алдында бірінші боп сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен мырза ақсақалға ізгі тілегін айтып, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар мерей той иесіне спорт жанашырлары атынан су жаңа Волга автокөлігіде сыйға тартылды. Облыстық ашық чемпионатқа 23 жасқа дейінгі ер жігіттермен, 1988-1990 жылдар аралығнда туылған қыз балалар қатысуда. Чемпионат 8 салмақ дәрежесі бойынша өтпек.

Жарыстан жеңіп шыққандар Сәуір айында Талдықорғанда өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алмақ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6192 & 14 Сұрау