Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 54    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
15 Наурыз, 2010 10:24 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Елбасы облыс әкімдерінің есебін тыңдады


Үкімет қана емес, аймақ басшылары да, индустриалды-инновациялық бағдарламаның орындалуына тікелей жауап береді. Өйткені, шілде айынан бастап біртіндеп іске қосылатын 144 жобаның, 141-і аймақтарда жүзеге асырылады. Бүгін Ақордада өткен алқалы жиында, Елбасы облыс әкімдеріне үлкен жауапкершілік артып, ауқымды тапсырмаларды бұлжытпай орындауға шақырды.

Бұлай болмаған жағдайда әкімдердің орынтағынан айырылатынын қатаң ескертті.

МӘТІН: Осындай зілді ескертуден кейін Елбасы бірқатар облыс әкімдерінің есебін тыңдады. Олардың қатарында Бақтықожа Ізмұхамбетов те болды. Оның айтуынша, биыл өңірде индустариалды-инновациялық бағдарлама аясында сегіз ірі жоба іске асырылады. Ал әкімнің атқарып жатқан жұмысына көңілі толған президент шетелдік компанияның инвестициясына салынып жатқан аймақтағы газ өңдеу зауытының құрылысы жайлы сұрап білді:

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

- «Ени» компаниясы қалай салып жатыр?

СНХ: БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАНБЕТОВ - БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салып жатыр:

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

(Балғымбаева я туда отправил как он помагает, или мешает.. помагает, помогает....)

МӘТІН: Индустриалды - инновациялық бағдарламаның шеңберінде салынатын өндіріс орындары шілде айынан бастап, біртіндеп ашыла бастайды. Ал жыл соңына дейін республикада соңғы технологиямен жабдықталған 144 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілмек. Осы тұста Елбасы өзінің көңілін қалдырған үлкен бір мәселеге тоқталып өтті.

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

(((Получается так, я резаю ленточку нового завода, а получается его открывают через год. Я больше не буду открывать такое предпреятие)))...

МӘТІН: Ал бүгінгі жиында мемлекет басшысы ешкім күтпеген кадрлық өзгерістер жасап, кейбір министрліктерді қайта құрып, жаңартты. Елімізде индустрия және жаңа технологиялар министрлігі құрылып, оны Әсет Исекешев басқаратын болды. Және ол вице-премьерлік қызметті қоса алып жүреді. Сонымен қатар, бүгінен бастап Мәдениет министрлігі өз алдына дербес отау тікті. Бұл мекемеге Мұхтар Құл- Мұхаммед жетекшілік етпек. Ал ақпарат саласы байланыс секторымен бірігіп, Байланыс және ақпарат министрлігі болып жасақталды. Жаңа министрлікке бұдан-былай «Қазақтелеком» компаниясының бұрынғы президенті Асқар Жұмағалиев басшылық етеді. Сондай-ақ, елімізде мұнай - газ министрлігі де, пайда болды.

Снх: СНХ - НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

МӘТІН: Ендігі жерде бюджеттік жоспарлауды Қаржы министрлігі өз құзыретіне алады. Ал тағы бір жаңадан жасақталған Экономикалық даму және сауда министрілігін Жанар Айтжанова басқаратын болды. Осылайша, ол Үкіметте министрлік портфелін қолына ұстаған екінші әйел адам атанды.

СТЭНДАП: ЕРБОЛ СЕЙІЛХАН - ТІЛШІ
Ал Жанар Айтжановаға орнын босатқан енді байырғы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың қандай қызметке тағайындалары әзірше белгісіз. Бірақ, Елбасы Сұлтановқа жайлы орын тауып беруге уәде етті. Ал министрліктердің атауы өзгеріп, қайта жасақталғанымен 2 шенеуніктен басқасы, өз креслоларын сақтап қалды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.0144 & 14 Сұрау Серверді жегу: 4.52