Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 389    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.71 Қайдан 7 Дауыстар   
15 Наурыз, 2010 10:32 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Ұлы Жеңіс мерекесінің 65 жылдығына орай


Ұлы Жеңіс мерекесінің 65 жылдығына орай, қалалық мәслихат депутаттары тың бастама көтерді. Кеңес одағының батыры атанған оралдық жауынгерлер құрметіне бір-бір көше берілмек. Осындай өзгеріске ұшыраған 38 көшемен қатар, бірнеше мектеп те батырлардың есімімен аталады.

Назар аударалық...

Күн тәртібіне қойылған 17 мәселені депутаттар бас-аяғы 40 минуттың ішінде қарап тастады. Индустриалдық даму, инфрақұрылым мәселелері, қала аумағын абаттандыру, оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүріп-тұру мәселесін халық қалаулылары бірауыздан мақұлдасты. Ұлы Жеңіс мерекесінің 65 жылдық мерейтойына дайындықты пысықтау ісі де көп уақыт алған жоқ. Бұл іске ел қазынасынан қомақты қаражат қарастырылыпты. 65 мың тг көлеміндегі бір реттік жәрдемақыға 150 млн.тг бөлінген. Соғыс ардагерлері ТМД көлемінде тегін жүріп-тұра алады. Қарт жауынгерлердің ең жасы сексенде екенін ескерсек, бұл мүмкіндікті олардың көбі пайдалана алмасы анық.
((СИНХРОН ХР 00:00:20
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Айгөлек
ТИТР: Бастық
307 млн.тг бөлдік.))
Қазір қаламызда 476 соғысқа қатысушы болса, оның 173-і соғыс мүгедегі. Өткен жылы 45 ардагер шипажайда дем алып, саулығын түзеген. Ономастикалық комиссия құрамын жаңғыртқан депутаттар батырларға құрмет елеулі болуы үшін тың бастама көтерді. Осылайша, қаладағы 38 көшеге Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің иегерлерінің есімдері берілмек. Олардың барлығы да Оралдықтар... Депутаттар түйткілі көп бұл істе ешқандай дау туындамайтынына сенімді.
((СИНХРОН ХР 00:00:20
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Рауза
ТИТР: Депутат
Домовойдың жанына жаңа көшені жаза салады.))
Мысалы, Сенная көшесі Қ.Ахмировтың есімімен аталса, Қазақстан көшесі енді Садық Жақсығұлов көшесі деп аталады. Әділет басқармасы тиісті құжаттарды рәсімдеген соң, көшелерді қайта атау басталады. Бұған қоса, қаладағы бірнеше мектептің аты да өзгереді. Мәселен, №13-мектепке ғалым-ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілсе, №30-мектеп батыр ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімімен аталады. Жиын соңында депутаттар келесі сессияның төрағасын сайлап алды. Енді келер отырысқа Валентина Михно жетекшілік етпек.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6444 & 14 Сұрау