Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 255    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
15 Наурыз, 2010 10:41 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Есеп" республикалық жедел алдын алу шарасы


Наурыз айының 9-ы мен 12-сі аралығында облысымызда "Есеп" республикалық жедел алдын алу шарасы оздырылды. Бұл шараға 340-тан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Олар тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыз айының 9-ы мен 12-сі аралығында облысымызда "Есеп" республикалық жедел алдын алу шарасы оздырылды. Бұл шараға 340-тан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Олар тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы бастама аясында өткізілген рейдтік шаралардың біріне түсіру тобымыз да барып қайтқан еді. Келесі бейнематериалға назар аударайық.

Мұндай жедел алдын алу шаралары жыл сайын оздырылып отырады. Мақсат біреу ғана - жастардың тәртібін қадағалап, ата-аналардың жауапкершілігін молайту.
((СНХ Дархан Сатенов - нач. общ. без-ти УВД г. Уральска))
Жасы кәмелетке толмағандардың заңға оғаш қылығы көбейген, әсіресе ахуалдың соңғы уақытта алаңдатарлық сипат алғанын полицейлер де жасырмайды. Бұған тексеру барысында өзіміздің де көзіміз жетті. Мәселен, Паша есімді мына жеткіншек уақытша оқшаулау орталығына жақында әкелініпті. Ол мұнда ұсақ бұзақылық жасап, мезгілінде сабаққа бармағаны үшін түсіпті.
((СНХ Паша Тихонов))
Ал инспекторлар баланың мұндай жағдайға душар болуын көбіне-көп ата-ана тарапынан жауапкершіліктің жоқтығымен байланыстырады. Олардың ойынша, егер жасөспірімнің үйінде қатаң тәрбие болса, баланың бұрыс бағытпен кетіп қалуы мүмкін емес.
((бибінұр нұрхатова бқо іід апб кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ісі жөніндег инспектор))
Әрине, бала өскен сайын, оның қадамын ұдайы бақылап отыру қажет. Бұл әсіресе түнгі уақытта қараусыз жүретін жасөспірімдерге байланысты. Кешкі сағат 10- гн кейін көшені жайбарақат кезген екі жасөспірім қыз инспекторлар назарын өзіне аударды.
((Интершум))
Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасады, дейді тәртіп сақшылары. Өйткені жасөспірімдермен жұмыс арнайы белгіленген шара барысында ғана емес, жыл он екі айда да тоқтатылмауы тиіс дейді олар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5138 & 14 Сұрау