|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
"Бизнестің жол картасы-2020""Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы қаржылық дағдарыс қыспағындағы кәсіпкерлер жұмысына оң ықпал етпек. Сатылы түрде жүзеге асырылатын бұл бағдарлама экспортқа негізделген экономиканы қалыптастырып, бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы өнім шығаратын кәсіпорындар қатарын көбейтуді көздейді. Бірақ, жиылғандар бұл жобаның да бір қайнауы әлі ішінде дейді. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Айнагүл ақашаева ТИТР: «атамекен одағы» ұэп бқоф атқарушы директоры Біздер үшін үлкен проблема...)) Биыл бұл бағдарлама әзірге, тек жоба ретінде ғана іске асырылатын болады. Бағдарламаның операторы міндеті жергілікті атқарушы билікке жүктелмек. Өйткені, олар өз аумағындағы азуалды жақсы біледі. Бірақ, бөлінер ақшаның көлемін әкімдер емес, орталық шешеді. Биыл біздің облысымызға 500 млн.тг бөлу көзделуде. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Серік шапкенов ТИТР: Бқо экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бастығы Егер кәсіпкер несиені 12 пайыздық үстемемен алса, мемлекет оның қарызының белгілі бір бөлігін өз мойнына алмақ. Мысалы, 12 пайыздың 5 пайызы мемлекет қазынасынан төленсе, кәсіпкерге түсер салмақ небары 7 пайызды ғана өтеу болып қалады. Бұл да бизнес саласы үшін үлкен көмек болары сөзсіз.)) Бағдарлама бес бағыт бойынша іске асырылмақ: жаңа жобаларды іске асыруға берілер несиелер, кепілдендірілген несиелерді жекелей қаржыландыру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнеске сервистік көмек көрсету, жастар практикасын ұйымдастырып, мамандар дайындау және әлеуметтік жұмыс орындарын ашу болып отыр. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: ильмира хамзина ТИТР: «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының бқоф директоры Біздің дерегімізше, бөлінген транштың 70 пайызы сауданы қолдауға бөлінеді екен. 70 пайыз бұл үлкен сома. Бірақ, біз сауда-саттықты қолдаймыз деп отырып, өзге мемлекеттерге көмек көрсетіп отырмыз. Енді біз бұл қаржыны сауда-саттыққа емес, өндірісті өркендетуге жұмсамақпыз. Өзіміздің өндіріс орындары дамыса, бұл да үлкен үлкен қадам болмақ.)) Мұндай демеуқаржылар жаңа несиелермен қатар, бұдан бұрын алынған жобаларға да беріледі. Жаңа несиелерге берілер жеңілдік мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс. Ал жобаға қатысушының қолдағы қаржысы меншік құнының 20% құрауы керек. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||