|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қоқысты өңдеуТіпті, аяқасты ірі мөлшерде ақша тауып алып, олжаға кенелгендері де бар көрінеді. Татьяна мына темір вагоншада күйеуі екеуі тұрады. Азаннан кешке дейін қоқыс ақтарып, тапқан-таянғандарын осы жерде бөліске салады. 21 жастағы келіншек бүгінде бұл кәсібіне әбден машықтанып алыпты. ТАТЬЯНА ТИТР: Қала тұрғыны - Қоқысты түртінектеп жүріп, анда-санда ақша тауып аламыз. Тіпті алтын мен күмістен жасалған бағалы әшекейлер де кездеседі. Керексіз деп тасталған ескі көпшік-көрпенің астарына тігілген ақшаны да тауып алған кездеріміз болды. Өткен жылы осындай олжаға үш рет тап болдым. Тіпті бір танысымыз қоқысты ақтарыстырып жүріп, 150 мың теңге тауып алғаны бар. Қарт адамдар бар жиған-тергенін көрпе-көпшігіне тыққыштайды, бағалы заттар ескі киімдердің қалтасында көптеп кездеседі.)) Татьяна тапқанының қапқанына жететінін айтады. Мұнда күн сайын 350 тоннаға тарта тұрмыстық қалдық әкелінетінін ескерсек, бұл жер әлі біраз адамды жарылқайтын түрі бар. Қазір күл-қоқыс 15 ЗиЛ мен 5 КамАЗ арнайы техникасымен тасылады. Жүргізушілер бұл жандардың тірлігіне түсіністік танытумен ғана шектелді. ВЛАДИМИР ТИТР: жұмысшы - Шынымды айтсам, қоқысты ақтарып, күн көруге болады дегенге сене бермеймін, табылған темір-терсекті өткізіп, алған ақшаға талғажау қылуға болатын шығар. Бұл да бір өлместің күні ғой...)) Алдағы уақытта қоқысты өңдеп, іске татыр дүниені іріктеп шығарар арнайы кешен салынбақшы. Әзірге, жоба күйіндегі бұл іске ат салысуға жергілікті кәсіпкерлер асығар емес. Бизнес өкілдері үнсіз қалса, бұл жауапты іс мемлекеттің өзіне берілері анық. Дамыған өркениетте мемлекеттерде қоқыс өңдеу - тұтас бір өнеркәсіпке айналған іс. Қоқысты түрлеріне қарай сұрыптап, өңдеу дамыған еуропа елдерінде оң жолға қойылған. Қағаз, әйнек, тағам қалдықтарын сұрыптау әзірге Орал үшін таңсық болып отыр. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||