|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Мәуліт күніҚасиетті күнге орай ұйымдастырылған шараға барып қайтқан тілшіміз Бағдад Ізмағанбет әңгімелейді. Жыл сайынғы үрдісті аталып өтілетін мерекенің иісі мұсылман адамның барлығына ортақ мереке екендігі сөзсіз. Хазіретті пағамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-ның туған күніне орай ұйымдастырылған кешке қала басшылығымен жұртшылық көптеп келді. Бірінші боп көпшілік алдында сөз алған облыстың бас имамы Смайыл Сейтбек мырза бұл күннің маңыздылығына тоқталып кетті. Смайыл Сейітбек: Бас имам: - Жыл сайын атап өтеміз.)) Мәуліт кешінде осыдан бірер жыл бұрын негізін қалаған Орал медресесінің шәкірттері рухани әндер орындап, пайғамбар өмірінен сыр шертетін сахналық көріністер ұсынды. Жұртшылық алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметов, жайық жұртшылығын мәуліт күнімен құттықтады. Соңғы жылдары елімізде ата дініміз Исламға бет бұрып жатқандардың қатары артып келеді. Әсіресе Алла жолына түскендердің дені жастар екендігі қуантады. Кешке келгендердің сөзінен түйгеніміз, иманды ұрпақ тәрбиелеу елдің ертеңінің жарқындығының кепілі. Мұсылмандардың мерекесіне түрлі қоғамдық бірлестіктермен ұлттық мәдениет орталықтарының жетекшілері келді. Бұл дегеніңіз көп ұлтты еліміздің ұлтаралық, дінаралық ынтымақтастығының кепілі болса керек. Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||