|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Көрісу мейрамыКеш барысында қамкөңіл жандар назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынылды, кейін қоғамдық бірлестіктің өкілдері зейнеткерлермен шахмат ойнап, сынға түсті. Тақырыпты тілшіміз тарқатады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат тұрғындары бүгінде 600-ге жуық. Олардың арасында тағдыр тауқыметіне ұшыраған мүгедек жандар да бар. Көбісі етжақын тума-туысынан безіп, осы жерден пана тапқан. Интернат тұрғындарының сөзінше, мемлекет оларға көмек көрсетуде, қарттар үйіндегі жағдай да жаман емес. Әсіресе жиі-жиі ұйымдастырылатын мерекелік кештер қам көңілді қуанышқа бөлейтіні рас. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Батыс өңірінің жастарына көрісу айт мейрамының маңызын түсіндіру үшін қолға алынған. Өйткені ежелгі рәсімге сай, жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, азаннан амандасып шығу қажет. Қарияларды мерекемен құттықтамақ болған жастар қоғамдық бірлестігі 20-ға жуық өнерпаз жастарды ерітіп әкелген. Әсем кешті әнмен әрлеп, бимен безендірген олар алдағы уақытта да мұндай шаралардың жалғасатынын айтады. Сондай-ақ, кеш барысында шахмат ойыны оздырылып, онда жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қариялармен қатар сынға түсті. Достық сипатта өткізілген кездесу соңында қарттар үйінің қарияларына жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық жастар қауымдастығы тарапынан естелік сыйлықтар табысталды. Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||