|
|
Бүгін
03.09 (10:45) «Былғары доп-2010»
03.09 (10:43) Жерлестердің жеңісі 03.09 (10:42) Қаржы полициясы 03.09 (10:42) Әмбебап көлік 03.09 (10:41) Өртенген орман 03.09 (10:40) Үйі өртенген үйелмендерге көмек |
|
19 мамыр19 мамыр Бұл күні Қазақстанда бұдан 10 жыл бұрын банкноттық фабрика ашылды. Орташа есеппен бір банкнотты шығарудың құны 5 тенге 31 тиын болады. Биыл фабрикада 450 миллион дана банкнот шығару жоспарланған. 2001 жылы 18 мамырда Шалбай Құлмаханов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. 19 мамыр – пионер күні 1922 жылы 19 мамырда комсомолдардың бүкіл ресейлік конференциясы «жаппай пионер отрядтарын құру» туралы шешім қабылдады. Бүкіл одақтық пионер ұйымы осылайша құрылған болатын. Екі жылдан кейін оған В. И. Лениннің аты берілді. Ал 1925 жылы ұйымның алғашқы басылымы – «Пионерская правда» газеті жарық көрді. «Әрқашан дайын бол» - ұраны пионерлердің басты ұстанымына айналды. Пионерлер Лениннің бейнесі салынған белгіше мен қызыл галстук тағатын. Жас Лениншілер тұрақты түрде ардагерлерге, науқас жандарға, қарт кісілерге көмектесті, ұйымдасқан түрде қағаз, темір қалдықтарын жинайтын. Қазіргі таңда Қазақстанда ресми тіркелген пионер ұйымдары жоқ. Дегенмен бұдан 11 жыл бұрын Ақтөбе қаласында «балалар мен қыздар одағы» құрылды. Одан басқа көптеген мектептерде «Жұлдыз», «Ұлан», «Панфиловшылар» сияқты ұйымдар бар. 1643 жылы 19 мамырда Солтүстік Америка отаршылары Жаңа Англия конфедерациясына бірікті. Жаңа Англияда білім мен ағартушылыққа көп көңіл бөлінді, сол себепті де 17 ғасырда мұнда мектептер мен жоғары оқу орындары ашылды. Олардың ішінде бүгінде белгілі Йель және Гарвард университетін атауға болады. Сндай-ақ басқару органдары нығайтылды. Басты қоғамдық ұстанымдардың бірі азаматтық бостандық болды. Конфедерация Англиядан тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадам болтын.
Последние новости рубрики
03.09 (08:00) 3 қыркүйек
02.09 (08:43) 2 қыркүйек 01.09 (08:00) 1 қыркүйек 31.08 (08:00) 31 тамыз 27.08 (08:00) 27 тамыз 26.08 (08:00) 26 тамыз 25.08 (08:00) 25 тамыз |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||