Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 309    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
16 Наурыз, 2010 12:16 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

Балық инспекторларының бір күні


Биылғы қыстың аязды болуы әрі қардың қалың түсуі Семей балық инспекциясының жұмысына да әсерін тигізді. Балық инспекторлары тексеру, бақылау жұмыстарын өз деңгейінде жүргізе алмауынан заңсыз балық аулау фактілері тіркелуде.

Қазіргі кезде Семей балық инспекциясына 49 жергілікті су тоғандары мен су қоймалары қарайды. Су қоймаларын тендерде ұтқан түрлі мердігерлер балық шаруашылығымен айналысып, оны кеңейтіп, дамытуда оңтайлы жұмыс атқарып келеді. Дегенмен, заңсыз жолмен балық аулау фактілері де кездеседі. Осындай заңсыздықпен мердігерлер де балық инспекциясымен бірлесіп күрес жүргізеді. Олар ауа райының кез-келген жағдайында жұмыстарын тоқтатпайды.

СНХ: Мақсат Босқымбаев
Семей балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы

Қара ертістің қойнауы түрлі балыққа толы. Заңсыз жолмен балық аулауды әдетке айналдырғандар саны азаяр емес. Олардың көпшілігі балық аулауға рұқсат етілетін арнайы заңның барын біле бермейді.

СНХ: Мақсат Босқымбаев
Семей балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы

Ежелден аңшылық пен балық шаруашылағын жақсы меңгерген халқымыз үшін балық аулау таңсық кәсіп мес. Дегенмен, тұрғындардың экологияға зиян келтіріп, заңсыз балық аулау салдарынан кейбір сирек кездесетін балық түрлері жойылып кетудің аз- ақ алдында тұр. Осы келеңсіз жайттың алдын алуда да атқарылап жатқан жұмыстар баршылық.

СНХ: Мақсат Босқымбаев
Семей балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы

Биылғы қытымыр қыстың салдары балық инспекторларының бақылау жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Ертісті айтпағанда, өңіріміздегі өзен-көлдер мен су қоймаларында мұздың қалыңдығы 1-1.5 метрді құрайды. Бұл балықтардың тыныс алуына кері әсерін тигізеді.

СНХ: Мақсат Босқымбаев
Семей балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы

Ерзат Жанатұлы, Дидар Қоқанов, ШАБ.


Түпнұсқа

» 15 Наурыз, 2010 09:17 Рыба каз. / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.6785 & 15 Сұрау