Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 376    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
17 Наурыз, 2011 10:18 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

17 наурыз


1991 жылы өткен Бүкілодақтық референдумда ¾ КСРО-ның сақталуы үшін дауыс берді. 1845 жылы ағылшын Стивен Перри майысқақ бинтті патенттеді. 1233 жылы Германияның Фрейзинг қаласын миллиондаған егеуқұйрық басып кетті. 1940 жылы әлемдегі ең ұзын мұрт байқауының жеңімпазы болып Үндістандық тұрғын атанды.

1991 жылы өткен Бүкілодақтық референдумда ¾ КСРО-ның сақталуы үшін дауыс берді. 1845 жылы ағылшын Стивен Перри майысқақ бинтті патенттеді. 1233 жылы Германияның Фрейзинг қаласын миллиондаған егеуқұйрық басып кетті. 1940 жылы әлемдегі ең ұзын мұрт байқауының жеңімпазы болып үндістандық тұрғын атанды.

1991 жылы өткен Бүкілодақтық референдумда ¾ КСРО-ның сақталуы үшін дауыс берді. Референдумға дауыс беруші 185,6 миллион КСРО-ның азаматының 148,5 миллионы қатысты. Оның 113 миллионы, яғни 76,43 пайызы КСРО-ны сақтап қалуға дауыс берді. Алайда қатысушылардың көзқарасы ештеңе шешкен жоқ. 6 одақтас республика бұл референдумға қатысудан бас тартты.

1845 жылы ағылшын Стивен Перри майысқақ бинтті патенттеді. «Бинт» сөзі – «жарақат» мағынасына тығыз байланысты.
Соңғы айда сіздің қаладағы жарақат статистикасы қандай? Жарақат пункттері пациенттер легіне тиісті қызмет көрсете ме? Жарақат пункттерінің жабылып қалған жағдайы тіркелді ме?

1233 жылы Германияның Фрейзинг қаласын миллиондаған егеуқұйрық басып кетті. Тұрғындар уақытша қоныс аударуға мәжбүр болды, өйткені бұл пәлемен күресу еш мүмкін болмады. Әлемде қанша егеуқұйрық бар екенін ешкім айтып бере алмайды, ғалымдардың шамалауынша, олардың саны адамнан екі есе көп. Бір жылда жұп егеуқұйрықтар өмірге 800 ұрпақ әкеледі екен. Егеуқұйрықтардың өмірі қысқа – ең көп дегенде 6 жылдық ғұмыры бар. Алайда оған дейін Жерде өз ізін қалдырары анық. Мысалы Үндістанды мекендейтін егеуқұйрықтардың салмағы бір келі болады, сонымен қатар тістері де үлкен. Жыл сайын кеміргіштер әлемдік астықтың әрбір бесіншісін жейді екен, ал олардан қалған қалдықтар одан да көп зиян әкеледі. Егеуқұйрықтың бір ерекшелігі – көзіне көрінгенді жей береді. Оларда удың кез-келген түріне иммунитет жақсы дамыған, тіпті радиацияны да жақсы көтереді. Олардың тепе-теңдік сақтау қабілеті де жақсы дамыған, сондықтан олар кез-келген жерге бара алады. Олар екі метрге дейін секіреді және 9 метрлік биіктіктен құласа да өмір сүріп кете береді. Егеуқұйрықтармен күрес өз нәтижесін бермеуде, өйткені ол өте сақ жануар. Егер егеуқұйрықтар тамақ тауып алса, онын дәмін біреуі ғана татып көреді, ал егер сол тышқан уланып өлсе, қалғандары тамаққа жоламайды.


1940 жылы әлемдегі ең ұзын мұрт байқауының жеңімпазы болып үндістандық тұрғын атанды. Оның мұртының ұзындығы 90 см. Ғасырлар өтсе де, сақал-мұрт өсірудің сан түрлі сән-салтанаты болған. «Мұртсыз сүйіс - тұзсыз сорпа» деген бұрынғы заманда, «мұрты тебіндеген» деп жастарға арналған сөз тіркесі қолданылған. Қазір сақал, мұрттарға байланысты сайыстың түрлері көп, бірі «Сальвадор Дали» стиліндегі сақал, енді бірі «Патша мұрты» деп аталады. 1,5-2 сағатта «спортшылар» өздерінің сақал-мұрттарын тарап, бояйды. Кейде күтпеген жайттар да орын алатынын ақиқат. Бір күні қызғаншақ әйелі ұйықтап жатқан күйеуінің жарты метрлік мұртын қиып тастаған, сөйтіп оның чемпионатқа дайындалған қаншама уақыты күйіп кетті!


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

chairs
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3738 & 14 Сұрау