|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
"Қара жорғаны" құбылтқан қарияӨнегелі жанның бұл өнері жайында келесі бейнематериалымызда. "Қазақта Қамажайдан басқа би болмаған"- деген кейбір ұшқары пікір айтылып келді. Еліміз Тәуелсіздігін алып, етек-жеңімізді жинай бастаған кезден өшкеніміз жанып, кеткеніміз қайтадан орала бастады. Соның бірі - би өнері. Би ежелден тойшыл, сауықшыл қазақтың төл өнерінің бір түрі. Ұлттық би, әсіресе, шетелдегі қандастарымыз арасында қаймағы бұзылмай сақталып келеді. Сол билердің арасында ерекше ауызға алынатыны "Қара жорға" биі. СНХ Имаммәди Түсіпбек қария Кейіпкеріміз Имаммәди Түсіпбек қазір 81 жаста. Зайсан ауданының тумасы. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылықта Қытайға өтіп кеткен. Қазір билеп жүрген "Қара жорғаны" да сол кезде үйренген. Ел арасындағы той-томалақ, жиындарда осы биді көре жүріп, "қара жорғаның" қыр-сырын әбден меңгерген қария алғаш рет биді 20-25 жасында үйренген. "Ата мекенге оралғанда бұл биді ешкімнің білмейтініне таң қалдым. Ешкім билемеген соң, маған да қол үзуге тура келді, бірақ бидің әрбір қимылын ұмытқам жоқ"- дейді қария СНХ ата ( күнделікті жаттығуым осы) Бір қызығы Имаммәди атамыздың өмірлік қосағы Сара апамыз жарының бұл өнері жайынан бертінге дейін хабарсыз болған көрінеді. Тек бір туысқандарының тойында ақсақал биді домбыраның сүйемелдеуімен билеп шыққанында бірақ білген. СНХ Сара Сайлаубаева зайыбы Бүгінде 6 бала, 13 немере, 4 шөбере өсіріп отырған ақсақалдың бұл өнерін балаларының арасында шындап қуған ешкім жоқ. Алайда, немерелерінің ішінде өнерге жақыны Лаура бос уақытында биді атасынан үйренеді екен. СНХ Лаура Қойгелдина немересі Қазақтың "Қара жорғасынан" басқа орыс халқының ұлттық билерін, тағы басқа билерді нақышына келтіре билейтін қария: - ұлттық би өнері кеңінен насихатталса дейді. Ермек Исабаев, Саят Тастанов ШАБ
Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||