Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 404    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 3 Дауыстар   
18 Наурыз, 2010 09:42 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мұнайшылар ереуілі


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысы әлі тоқтап тұр. Естеріңізге сала кетейік, мұнайшылар 4-наурыздан бастап толық құрамда жұмысқа шығудан бас тартқан болатын. Бірнеше мың адамның ереуілге шығуына жалақыға енгізілген өзгеріс себеп болды.

Өйткені, мұнайшылар еңбекақыдан бөлек осы кезге дейін беріліп келген сыйақының алынып тасталуына қарсы. Қазіргі таңда арнайы құрылған мемлекеттік комиссия еңбек дауын заң аясында реттеуге күш салса да, келіссөздерден әзірше, нәтиже болмай тұр. Ал «Қазмұнайгаз» АҚ-ң құрамына кіретін «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының директоры бүгін қызметінен алынды. Басшыны орнынан алуды мұнайшылар талап еткен болатын. Ал Мәжіліс депутаттары Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуілінің саяси сипат алып бара жатқанына алаңдаулы. Сондықтан халық қалаулылары құзырлы мекемелерден еңбек дауын тезірек шешуді сұрап отыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5392 & 14 Сұрау