Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1413    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.67 Қайдан 6 Дауыстар   
18 Наурыз, 2010 17:38 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

"Жігіт сұлтаны" байқауы өтті


Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен баян ететін сайыстар жиі өтіп тұрады. Солардың бірі ердің ерлігі мен өрлігін сарапқа салатын " Жігіт сұлтаны" байқауы. Бүгін Абай атындағы әмбебеп кітапханада қала колледждерінің студенттері осы байқауда өнер көрсетті.

"Жігітке жеті өнер де аз",- дегендей, ел қорғаны ер- азаматтарымыздың бойындағы өнерін сарапқа салатын "Жігіт сұлтаны" байқауына қаламыздағы Абай атындағы әмбебеп кітапханамен тұрақты байланыс жасап тұратын орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Олардың арасында Семей заң, радиотехника және байланыс, бизнес колледждері мен №9 лицейдің оқушылары бар.

СНХ Гүлмира Аязбаева
Кітапхананы дамыту секторының меңгерушісі

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі сайысқа, оны ұйымдастырушы кітапхана ұжымы тыңғылықты дайындалған екен. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар жылдағыдан өзгеше, ұйымдастырушылар көрермендердің наурызды анық сезінуі үшін мерекелік дәм "наурыз көже" де әзірлепті. Ал биылғы сайыстың жаңа шарттары да жоқ емес.

СНХ Гүлмира Аязбаева (шарттары туралы)

Бүгінгі өнер сайысы - "Жігіт сұлтаны" байқауына қатысушылардың бірі- Бағлан Әлімжанов. Еліміздің оңтүстік аймағынан білім алуға келген өнерлі жігіт бүгінде Семей заң колледжінің 2-ші курс студенті. Байқау шарттары бойынша қатысушы 8 түрлі сыннан сүрінбей өту керек. Бағлан сайысқа тыңғылықты дайындалған және ол бұл сайыстың берері жоқ емес,- дейді.

СНХ Бағлан Әлімжанов
сайысқа қатысушы

2 жарым сағатқа созылған сайыстың қорытындысын шығаратын сәт те жетті. Сарапшылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Радиотехника және байланыс колледжінің студенті Болыс Ермантай жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар Семей Бизнес колледжінің студенті Нұрсұлтан Бәшербаев пен Семей заң колледжінен Ербол Жапатаевқа бұйырды.

Ермек Исабаев , Дидар Қоқанов ШАБ


Түпнұсқа

» 17 Наурыз, 2010 09:33 Жігіт сұлтаны / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4079 & 15 Сұрау