Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 252    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
19 Наурыз, 2010 12:16 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Азаматтарды құжат рәсімдеу азабынан арылту жолында


Халыққа қызмет көрсету орталығы көрсететін қызметтердің түрі тағы бір қызметпен толықты. Енді азаматтар бұрын істі болған-болмағаны туралы анықтаманы алу үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына барып керегі жоқ. Барлық мәлімет енді тек Халыққа қызмет көрсету орталығынан берілетін болады.

Бүгін осы өзгерістің жай-жапсарын жауапты мекеме өкілдері сарапқа салды. Келесі бейнематериалда толығырақ.

Бұрын мұндай анықтама Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасынан және балама түрде ХҚО-нда берілетін. Алдағы сәуір айынан бастап, бұл анықтаманы тек ХҚО ғана таратпақ. Бұл өзгеріс азаматтарды құжат рәсімдеу азабынан арылтуды көздеп отыр.

Ағырыс Бияшева
ТИТР: ҚСж АЕ басқармасының бөлім прокуроры
Азаматтар анықтама алу үшін жеке басын куәландыратын құжатын ала барып, үлгі бойынша дайын бланкті толтыруы керек. Бұл көп уақытты қажет етпейді деп отырмыз. ))

Өткен жылы ХҚО-нда азаматтардың бұрын істі болған-болмағандығы туралы 6 500-дей анықтама берілген. Күні бүгін бұл дерек 1500-ден асады. Анықтаманы ел азаматтарымен қатар, шетелдіктер де ала алады.
Ауыл тұрғындарының өтініштері аудан орталықтарында қабылданады. Бірақ, шалғай ауданнан жіберілер құжаттардың облысқа бірер күнде "жол жүріп келетінін" ескерсек, анықтаманың әзірленуі қаулыда көрсетілген 5 күннен 10 күнге дейін ұзаруы мүмкін.

Венера Борашева
ТИТР: ХҚО директоры
- Орталық қызметі толықса да, біз үшін аса қиын емес. Аудандарда біздің бөлімшелердегі мамандарды оқытамыз, әрі қаладағы орталықтан қосымша терезелер ашамыз. Анықтама беру ісі бұрынғыша қысқа мерзімде берілетін болады.))

Қала іргесіндегі Деркул, Круглоозерный және Зашаған кенттік округтеріндегі ХҚО бөлімшелері бұл жұмысты жеңілдетпек. Бұл бөлімшелерде қосымша терезелер ашылып, мамандар оқытылатын болады. Тараптар түйткілді тұстарды алдағы аптаның ішінде шешуге уағдаласып тарасты.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4618 & 14 Сұрау