|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қала ішіндегі мал моласыЕт комбинаты ауданындағы тұрғындар күн жылына бұл жердің ауру ошағына айналатынын айтып алаңдаулы. Өйткені, бұл жерде сойылған ірі қара малдың қадық сүйектері шашылып тасталған. Бұл істі кімнің жасағаны да белгісіз. Тұрғындар еріген қар суы малдың шіріген сүйектерін өзенге ағызып әкетсе, түрлі жұқпалы індеттің тарайтынын айтып қауіптеніп отыр. Мәселенің мән-жәйімен тілшіміз Бағдад Ізмағанбет танысып қайтқан болатын. Жайық жағалауын мал моласы қылған кімдердің ісі? Бұл сұраққа ет комбинаты ауданының тұрғындары жауап таба алмай жүргеніне бірер жыл өтіпті. Жыл сайын жағалауды сойылған малдың қалдықтарымен толтыратындар биыл да тыныш жатпаған сыңайлы. Міне мына жерде бір камаз жүк көлігін толтыратындай көлемде ірі қараның бас сүйектері шашылып жатыр. Тұрғындар күн жылып, қар ерігенде сойылған малдың қалдығы саси бастайтындығын айтады. ((В КАДРЕ: Орал қаласының тұрғыны: Ой иісі жаман шығады. Жыл сайын осы. Ертең қар еріп ергіен су жайыққа ағады...)) Бұл қалдықтар шала-шарпы тазартылған. Демек күн жылынып, жылғалар суға толғанда еріген қар суымен тау төбе болған мына сүйектер Жайық өзеніне ағып баруы да мүмкін. ((В КАДРЕ: Орал қаласының тұрғыны: Ертең өзенге суға түсу басталады, сонда не біз шіріген суды ішемізбе не?)) Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, бұл жағдайға қасапханалар кінәлі. Қазір қалада осындай 2 ірі кәсіпорын бар. Біз бұл мәселе бойынша қалалық санитарлық эпидемиялогиялық станциясына барған болатынбыз. Алайда ол жердегілер бұл іске жауапты мекеме "бас мемлекеттік ветеринариялық инспекциясына" сілтеме жасады. Мамандар бұл мәселені бізден естіп таңғалды. Демек шаһар маңындағы қатерлі орын туралы жауапты орындардың бейхабар болғаны. ((В КАДРЕ: Асылжан харетдинов: БҚО бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы: Біздер сіздерден естіп отырмыз. Әрине бұл заң бұзушылық қой. Шара қолданамыз әрине )) Айтылған сөз, атылған оқ! Уәденің орындалу-орындалмасы уақыттың еншісінде әрине. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||